«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

«Жасыл технологияларды» пайдалану ірі кешеннің шығынын азайтқан

2019 жылғы 02 Сәуір
- Қостанай облысы
4119 просмотров

Қостанайлық кәсіпкер Галина Шнайдер өңірде алғашқылардың қатарында күн және жел энергиясын пайдаланып, бизнес кәдесіне жұмсаған. Мейрамхана-қонақүй кешенінің иесі 2 сәуір күні «Тәлімгерлік принциптерімен жобалық оқыту» курсы шеңберінде бастауыш кәсіпкерлер мен студенттерге арнап экскурсия ұйымдастырды.

 Курс тыңдаушыларынан бөлек «Золотой фазан» («Алтын қырғауыл») кешеніне экскурсияға қатысуға Қостанай мемлекеттiк педагогикалық университетінің студенттері де ынта танытты. Біріншіден, жуырда университет қабырғасында «U – SMART» бизнес-инкубаторы ашылды. Екіншіден, өйткені, студенттердің көбі туризм мамандығы бойынша білім алуда, олар тәжірибе алу және жұмыспен қамтылуды жоспарлап отыр.

 «Стартаптарымның барлығы не нөлден, не қарыздардан басталатын. Табыстың жартысы – кәсіп жүргізуге қолайлы болатын жасқы ниша табу. Бір кездері кәдесый дүкенін ашқанмын. Бұл кәдесыйлар ағыны болды, әрі дүкен тұрақты жұмыс істей алды. Кейін мен арт-кафе концепциясына қызығушылық таныттым, адамдар достарымен пайдалы әрі қызықты кеш өткізе алатын орынды құрғым келді. Бұл кафе де ары қарайда сұранысқа ие болар еді, бірақ мен басқа жобаға – қонақүй кешеніне бұрдым», – дейді Галина Шнайдер.

Жаңа жоба «жасыл технологиялармен» жұмыстың басталуына себеп болды. Өйткені мейрамхана-қонақүй кешені қала сыртында орналасқан және ауқымы үлкен. Кәсіпкерге электр энергиясы үшін ірі төлемдер жасауға тура келетін. Кейін жарық жиі сөніп қалатын болды. Галина Шнайдерге таныстары дизель генераторын орналастыруға кеңес берген, алайда іскер ханым шығындарды есептей келе бұл да тиімсіз деген шешімге келді.

 «Сол кезде күн батареялары жайында ойлана бастадым. 2014 жылы Қытайда өндірілген күн панельдерін сатып алдым, сосын Болотовтың жел генераторын сатып алдым. Осының бәрі бір жүйе болып жұмыс істеп жатыр. Енді мен электр энергиясы үшін екі есе аз қаражат төлеп отырмын. Келешекте экоэтнопаркін – экологиялық таза материалдардан дайындалған шағын киіз үй қалашығын ұйымдастырмақпын», – дейді іскер ханым.

 Галина Шнайдер стартаперлермен өз идеяларымен қуана бөлісіп, оларға кооперация шарттарында бірлесуді ұсынды. Кәсіпкер тағы бір нишаны – байланыс зоопаркін құру бизнесін бастауыш кәсіпкерлерге беруге дайын. Галина Шнайдердің айтуынша, ең бастысы мемлекет ұсынып отырған барлық құралдарды белсенді пайдалану керек. Галинаның өзі гранттар мен микронесиелерді жиі қолданған.

Осы мәселеде стартаперлерге «Тәлімгерлік принциптерін қолданып, жобалық оқыту» курсының бизнес-тренері Алена Исрапилова көмектесуде.

 «Тыңдаушыларымыз арасында идеялары мен дайын жобалары бар адамдар көп. Оларға дұрыс бағытта бағдар беру жеткілікті. Сол мақсатта біз экскурсияларды ұйымдастырамыз. Галина Шнайдер – тәлімгерлердің бірі, ол өзінің тәжірибесімен бөлісіп, кеңес береді, кәсіпкер жобаны жүзеге асыруға арналған старт алаңын беруге дайын», – деді Алена Исрапилова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер