«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

Қостанай облысында ірі кәсіпорындар айналасында шағын кәсіпкерліктерді құру бойынша жұмыс жүргізілуде

08 Сәуір 2019 - Қостанай облысы
423 просмотров

Қостанай облысында жыл сайын импорт тауарларына қыруар қаражат шығындайтын 25 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын бар

Мысалы, «Қостанай мелькомбинат» акционерлік қоғамының өзі қағаз пакеттерін сырттан сатып алуға жылына 27 млн теңге жұмсайды. Ал бұл пакеттерді жергілікті жеке кәсіпкерліктер шығара алар еді...

Облыста қала құрушы жүйелі кәсіпорындар жанынан шағын кәсіпкерліктерді құру бойынша жұмыстар басталып кетті. Қазір Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы ірі кәсіпорындардың тұрақты сұранысындағы өнімдерді өндіруге ынта танытқан кәсіпорындардың тізімін жасақтап жатыр.

 «Қалалар мен аудандардың әкімдіктері ірі кәсіпорындардың үнемі сұранысындағы тауар, жұмыс, қызметтер тізімін жинақтады. Бұл тізімді біз ШОБ субъектілеріне тараттық. Алғашқы өтінімдер бар. Осындай шаралар жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды қосымша жүктеп, жаңа кәсіпорындарды құруға ынталандырады», – деді Қостанай облысы ӨКП сарапшысы Жасұлан Құлтаев.

Кәсіпкерлер өндіріске инвестиция салудан қорықпауы үшін ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасау маңызды. «Варваринское» ЖШС және «Аква-Арасан» ЖШС жалпы сомасы 1 млрд теңгеге «Ориент Минералс» ЖШС және «Қостанайполиграфия» ЖШС сынды қостанайлық кәсіпорындармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасады.

Ынта танытқан кәсіпкерлер Өңірлік кәсіпкерлер палатасына хабарласа алады: 39-42-08 (ішкі:  3909).

Естеріңізге салсақ, 30 қаңтарда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы елдің Жалпы ішкі өнімінде шағын және орта бизнестің үлесін 28,2%-ға дейін жеткізуді тапсырды.

default.labels.news.telegram

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер