«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Заң бойынша есептелсін!

2016 жылғы 13 Қаңтар
- Қостанай облысы
8760 просмотров

Қостанай ауданында бизнесменге салық заңды сомадан алты есе артық сомада салынған

Кәсіпкерлер палатасының филиалы оның есептелуінің заңсыздығын дәлелдеуге көмектесті.

«Сейдахметов» ЖК аудандық мемлекеттік кіріс басқармасынан хабарламаны өткен жылдың соңында алған болатын. Онда 150 мың теңге мөлшеріндегі 2014 жылдың салығын төлеу қажет екені көрсетілген. Ал сома келтірілген шығынды ескерусіз, тек табыстан ғана, камералдық бақылау негізінде есептеледі. Бұл бизнесменнің көңілінен шықпайды да, ол Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді.

«Басқарма қызметкерлері кәсіпкердің жалпы белгіленген режим бойынша жұмыс жасайтынын ескермеген. Бұл дегеніміз шығындар сомасының да есепке алынуын білдіреді. Сондықтан да барлық бастапқы құжаттар, бухгалтерлік және салықтық есепке талдау жүргізіп, оның заң бойынша төлеуге тиіс іс жүзіндегі сомасын есептеп шықтық - 23 мың теңге. Басқармадағылар мұндай сомамен келісіп, кәсіпкер оны төледі», - деп атады Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Қостанай ауданындағы филиалының директоры Айгүл Нұрсағитова.

2015 жылы облыстық Кәсіпкерлер палатасына бизнесмендерден заңды құқықтары мен мүдделеріне қысым жасау дерегі бойынша 360-тан астам өтініш келіп түскен екен. Жүзден астам түйткілді мәселе оң шешімін тапты, оның ішінде 14 - сот тәртібінде. Өтініштердің басым көпшілігі салық салу, көлік бақылауы, жер қатынастары және мемелкетітк сатып алулар мәселелері бойынша келген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер