«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

90-жылдарға ұқсай ма, қалай?

2016 жылғы 16 Мамыр
- Қостанай облысы
8646 просмотров

Қостанайлық бизнесвуменнің, ескертпестен, коммерциялық ғимаратын сот арқылы тартып алған. Сол себепті ол Кәсіпкерлер палатасына жүгініп, әділдікке жету үшін Жоғарғы сотқа шағымданатындығын айтты

Қаланың орталығындағы екі қабатты құрылыс ғимаратының босап қалғанын және оның енді қожайыны емес екендігін білген «Емельянова» ЖК-ның мәселесі жыл басында орын алған. Ол басында ғимаратты кері қайтарып алу үшін, құрылыс материалдарын алдырып, қоршау қойғызған. Одан кейін ғимаратты өзі хабарландыру беріп, сатпақ болады. Анықтама алу үшін кезекті рет ХҚО қызметіне жүгінгенде, «ғимарат қожайынсыз деп танылғанын» білген.

Бұл жаңалық іскер әйел үшін ауыр соққы болды. Коммуналдық меншікті сүру туралы сот шешімін де оған хабарламаған. Тіпті, меншіктің иесін іздеу пайдасыз іс деп шешкен.

Іскер әйелдің қорғаушысы Авелина Морозова: «Аяқ астынан ғажайып оқиғалар орын алып, меншіктің иесі аман-сау болып шығады. Яғни, ол салық органдарында тіркелген кәсіпкер екен. Егер ниет болса, барлық куәліктер мен құжаттарды іздеп табуға болмас па еді? Тіпті, сату туралы берілген хабарламасында оның байланыс нөмірлері жазылған. Керек десеңіз, ешкім онымен байланысқа шығуға тырыспаған», – деді Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте.

Ғимарат санитарлық талаптарға қайшы деген желеумен сүрілмек болған. Алайда, заңгер қалалық әкімшілікке төтенше жағдайлар қызметі берген қорытынды анықтамасын, басқа да қажетті дәлелдерін көрсетіп және жылжымайтын мүліктің заңды иеленген құқы бар екендігін айтып, тағылған айыптарды теріске шығарады. Өз кезегінде, шенеуніктер жағдайға байланысты қайтадан аппеляциялық шағым түсіру керектігін ұсынады.

«Жақсы. Барлық құжаттарды алып аппеляциялық сотқа берейік. Тіпті, әкімшілік өз талаптарынан бас тартып, соттың өзі шешсін дейді. Жоқ. Сотта басқа да сұрақтар туындауы мүмкін: сіз жаңа ғимарат құрылысын қолға алғанда қандай жоспарларыңыз болды, не үшін деген секілді. Меншік иесі өз мүлкін қалай пайдаланса  да өз құқы бар», – дейді Морозова.

Аппеляциялық алқа түсірген шағымды қанағаттандырмай отыр. Нәтижесінде, заңгердің айтуы бойынша коммерциялық нысанның бағасы «не бір миллион, не он миллион теңге» болмағандықтан, кәсіпкер оны сата алмайды, өз қалауынша пайдалана алмайды.

«Расында біз 90-жылдарға қайта оралғанымыз ба? Бір ғана түсінгенім, бұл мүлікті өз пайдасына қолданғысы келетін тұлғалардың ісі», – дейді адвокат Авелина Морозова.

Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Самат Сәдуақасов: «Кәсіпкер істі аппеляциялық сотта қарау жөнінде көмек сұрап келген. Қазіргі таңда бұл мәселеге кірісіп, оның заңды құқын қорғауға бар күшімізді саламыз», – деп анықтама беріп өтті брифингте.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер