«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Арнайы экономикалық аймақта жүзеге асырылатын тауарға салық қалай салынады?

2018 жылғы 06 Сәуір
4827 просмотров

«Атамекен» алаңында арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асырылатын тауарларға қосымша құн салығын салу қалай жүргізілетіндігіне арналған кездесу өтті. Кездесуге «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов төралқалық етті. Сонымен қатар, іс-шараға мемлекеттік орган мен бизнес өкілдері қатысты.

Мәселе «Мақсат» Астана бетон комбинаты» ЖШС-ның қосымша құн салығы көрсеткішін төмендетуге қатысты заңбұзушылықтар орын алғандығына байланысты туындаған. Бір арнайы экономикалық аймақта тауарды, қызметті, жұмысты жүзеге асыру барысында оның бір қатысушысынан екінші арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына заңға қайшы қосымша құн салығының нөлдік мөлшерімен қолдану арқылы сату жүргізілгендіктен түсініспеушілік пайда болды.

Компания құжатта жазылған «аймақ» сөзі бір мағынаға ие болғандықтан тағылған айыппен келіспейді. Компанияның пікірінше тауарларды сатып алушы  арнайы экономикалық аймақ аумағында орналасқандықтан ережелерге қайшы келмейтіндігіне кәміл сенеді.

Сонымен қатар, ЖШС тауарлар сатылмас бұрын еркін кеден аймағының кеден рәсімдеріне жіберіліп, сол жерде бақылауда болатындықтан Салық кодексінің барлық талаптарын орындаған.

Мәселені шешу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінді. Алайда ол жерде де ЖШС ұстанымы қолдау таппай, уәкілетті органдарға жөнелтілген мәселе шешілген жоқ.

Отырыс нәтижесінде түйіткілді салық салу мәселелері бойынша Консультациялық кеңес қарастыруына ұсыну шешілді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер