«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Өндірісті жаңғырту және персоналды оқыту: Кәсіпкерлер қандай шығындарын өндіріп ала алады?

2019 жылғы 29 Қаңтар
14800 просмотров

Кәсіпкер өндірісті жаңғыртуға немесе персоналды оқытуға жұмсаған қаражатын қалай өндіріп алады? Ақша қаражатын өтеуге кімдер өтінім бере алады? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға қазақстандық кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы Қазақстандық индустрияны дамыту институтынан жауап таптық. Аталмыш институт еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаның әзірлеушісі әрі операторы.

1. Мемлекеттік қолдау шараларын алу қандай құжатпен реттеледі?

- «Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық - инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» (Әрі қарай Ереже) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен реттеледі.

2. Өтінімді кім және қашан бере алады?

Мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша өтінімдерді ұлттық институт жыл бойы тұрақты негізде қабылдайды. Ұлттық институттың қарауына төмендегідей индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері жіберіледі:

1.      Ереженің 1-қосымшасына сәйкес Тізбеге сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын субъектілер;

2.      Ұлттық институтқа өтінім келіп түскен күнге дейін кемінде бір күнтізбелік жыл өткен әділет органдарында тіркелген және / немесе хабарланған күннен бастап.

3. Шығындарды өтеуді алу үшін қандай құжат жинау қажет?

Құжаттардың тізбесі Ереженің 28-31-тармақтарында көзделген (шығындардың түрлеріне байланысты)

4. Жабдықты сатып алуға арналған шығындар өтеле ме?

Жоқ. Орындаушы қызметтерді (жұмыстарды) көрсету (орындау) кезінде шеккен шығындар өтелуге жатады. Бүгінгі таңда тауарды сатып алу кезінде шыққан шығындар өтелмейді.

5. Тауарды сертификаттаудан өткізу кезінде шыққан шығындарды өтеуге бола ма?

Жоқ, бұл шығындар түрі Ережеде қарастырылмаған.

6. Жеке тұлға орындаушы бола ала ма?

Жоқ. Қағиданың 6 тармағының 17 тармақшасына сәйкес Ереже шеңберінде өтініш берушіге қызмет көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға (жұмыстарды орындайтын), немесе қызмет көрсету үшін тартылған шетелдік қызметкер ғана орындаушы бола алады.

7. Өтелетін ең жоғары сома 60 млн. теңге екен. Бұл барлық өтінімдер бойынша бір өтініш беруші үшін берілетін сома ма?

Келтірілген шығындар сомасының 40%-ы мөлшерінде өтінім беру күніне дейін 24 ай шамасында шеккен, негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі. Өтініш беруші мемлекеттік қолдаудың әрбір шарасы бойынша 60 млн.теңге мөлшерінде келтірілген шығындарды өтеуді ала алады (қызметкердің құзыретін арттыруда шығындарды өтеуді қоспағанда – 30 млн. теңге). Осылайша, Ереже шеңберінде әрбір өтініш беруші бір күнтізбелік жылда 210 млн.теңгеге дейін барлық қолдау шаралары бойынша жиынтық өтем алуға мүмкіндігі бар.

8. Жер қойнауын пайдаланушылар Ереже аясында қолдау ала алады ма?

Ереже аясында тау-кен өндіру өнеркәсібі секторында техникалық қызмет көрсету және техникалық қолдау көрсету қызметін іске асыратын ЖК және/немесе заңды тұлғалар өтінім беруші бола алады. (коды 09)

9. Өтінімді қарау мерзімі қандай?

Ережеге сәйкес өтінім беруші Ереженің талаптарына сәйкес екендігі немесе сәйкес еместігі туралы хабарламаны (негіздемені көрсете отырып) ұлттық институтта өтінім тіркелген күннен кейін 11 жұмыс күнінен кешіктірмей алады.

10. Шығындарды өтеуде шефмонтаждау мен монтаждаудың нендей айырмашылығы бар?

Ереженің 6 тармағының 3 тармақшасына сәйкес монтаждау дегеніміз- құрал-жабдықтарды құрастыру, жобалық қалыпқа орнату және тұрақты бекіту, жабдықтардың қосылуын бақылау және автоматика құралдарының, сондай-ақ шикізат, су, бу, энергия беруді қамтамасыз ететін коммуникацияны қосу және т.б. қалдықтарды өндіру.

Ал Ереженің 6 тармағы, 4 тармақшасына сәйкес жабдықтарды шефмонтаждау дегеніміз –жабдықты өндірушінің немесе орындаушының, жеткізушінің жабдықты монтаждау барысында техникалық басшылық етуі.

Бұл ретте, жабдықты шефмонтаждау бойынша шығындарды өтеу кезінде жабдықты шефмонтаждау шартының көшірмесінен басқа, жабдықты жеткізу шартының немесе дайындаушы кәсіпорынды растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет.

11. Шығындарды өтеуді алу үшін қандай персоналдарды оқыту қажет?

Ереженің 12 тармағы 1 тармақшасына сәйкес шығындарды өтеу инженерлік-техникалық персоналдың өндірістік персоналдың, соның ішінде топ – менеджерлерді кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, Ереженің 6 тармағы 22 тармақшасына сәйкес топ-менеджер – заңды тұлғаның басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе өндірілген өнімді/көрсетілген қызметтішығару және/немесе жылжыту бойынша құрылымдық бөлімшесінің басшысы саналады, қаржылық (бухгалтерия), әкімшілік, құқықтық бөлімшелері көрсететін қызметтерді қоспағанда.

12. 2017 жылы біздің компания итальяндық компаниямен жабдықты дайындау және жеткізу бойынша келісім-шарт жасасты. Осы жабдықты монтаждау және іске қосу-баптау бойынша қызметтер жабдықтардың құнына енгізілді. Бұл ретте, монтаждау және іске қосу-жөндеу сомалары келісім-шартта бөлек көрсетілмеген және келісім-шарттың жалпы құны ғана көрсетілген. Біздің компания сатып алынған жабдықты монтаждау және іске қосу-жөндеу бойынша шығындарды өтеуге өтінім бере ала ма?

Сатып алынған жабдықты монтаждау және іске қосу-баптау бойынша нақты шығын сомасын белгілеу мүмкін болмағандықтан осындай келісімшарт шеңберінде шығындарды өтеу мүмкін емес.

13. Сервистік қызмет көрсету шығындарыy өтеу мүмкін бе?

Жоқ, Ереже шеңберінде сервистік қызмет көрсету бойынша шығындарды өтеу көзделмеген.

14. Қызмет көрсетуге қатысушы мердігер резидент емес жағдайда шығындарды өтеуге бола ма?

Иә, болады. Бұл жағдайда осындай заңды тұлғаның тіркелгендігі жөнінде құжатты ұсыну қажет.

15. Құжаттардың шет тілінен мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған нұсқасын міндетті түрде нотариалды куәландыру қажет пе?

Жоқ, міндетті емес. Ережеге сәйкес өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді. Құжаттың көшірмесі шет тілінде ұсынылған жағдайда, өтінім беруші оның мемлекеттік және /немесе орыс тілдеріндегі аудармасын қамтамасыз етеді.  Бұл ретте, басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндетін орындағаны туралы растайтын құжат болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер немесе олар уәкілеттік берген тұлға (сенімхат болған жағдайда) немесе жеке тұлға өтінімнің және қосымша берілген материалдардыңәр бетін растайды.

16. Шетелдік қызметкер тартылған жағдайда шығындарды өтеу қарастырылған ба?

Иә, қарастырылған. Ереженің 12 тармағы 3,4 тармақшаларына сәйкес технологиялық процесті жетілдіру немесе өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру мақсатында немесе 4.0 Индустрияның технологияларын (элементтерін) енгізу мақсатында еңбек шарты бойынша шетелдік қызметкерді тартқаны үшін шығындарды өтеуді алу мүмкіндігі бар.Шетелдік қызметкер еңбек шартын жасасу кезінде міндетті түрде төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:

1.      техникалық және кәсіптік білім немесе жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімді растайтын құжат;

2.      Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде көрсетілетін қызметтер (орындалатын жұмыстар) саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесін растайтын құжат.

17. Өтінімді электронды түрде беруге бола ма?

Қазіргі уақытта өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қарау үшін қабылдау Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделеді және қағаз түрінде жүзеге асырылады. Сонымен бірге, қазіргі уақытта өтінімдерді қабылдаудың тиісті ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, оның аяқталуы бойынша өтінім мен қоса берілетін құжаттар тек веб-портал арқылы (өтінім беруші шығындардың түрлеріне байланысты осы Ереженің 29, 30 және 31-тармақтарында көзделген электрондық өтінім мен құжаттардың электрондық пакетін береді) ұсынылады. Өтінімдерді электронды түрде қабылдау ағымдағы жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

18. Өтінім беруші мемлекеттік қолдау шараларын алғаннан кейін қандай міндеттемелерді атқарады?

Қағидаларға сәйкес мониторингті жүзеге асыру мақсатында ұлттық институт өтінім берушілерден мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы есепті қалыптастыру үшін деректерді сұратады. Өтінім беруші ұлттық институтқа оның жазбаша сұрау салуы бойынша белгіленген мерзімде мониторинг жүргізу үшін қажетті деректерді беруге, сондай – ақ мемлекеттік қолдау шараларының нысаналы индикаторына- Ережелер шеңберінде мемлекет салған кәсіпорынның кіріс көлемін 1 (бір) теңгеден кемінде 2 (екі) теңгеге арттыруға қол жеткізуге міндеттенеді. Бұдан басқа, өтінім беруші көрсетілген нысаналы индикаторға жетпеген жағдайды қоспағанда, шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, өтінім беруші мемлекеттік қолдау шарасы бойынша алынған ақша қаражатын қайтаруға міндетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер