«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жекешелендіру процесіне брокерлер қосылмақшы

2015 жылғы 05 Маусым
10014 просмотров

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында мемлекеттік қатысуы бар ірі компанияларды мемлекетсіздендіру және Қазақстандық қор биржасы арқылы сату ұсынылуда

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылау бойынша өткен «дөңгелек үстел» отырысында осындай ұсыныс айтылды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның айтуынша, Палата Қазақстандық қор биржасы алаңында ірі нысандарды сату үшін брокерлік ұйымдарды тартуды ұсынады.

«Осыған орай «Атамекен» ҰКП және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бұрындары қаралған «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының сату туралы мүмкіндігінің орнына Қазақстандық қор биржасы арқылы пилоттық жобаны дйындауды және іске қосуды жоспарлап отыр», - деп хабарлады ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Юлия Якупбаеваның ойынша, сатылатын нысандардың тартымдылығын көтеру мақсатында сату алдындағы даярлыққа, сондай-ақ әрекет етпейтін әрі бәсекеге қабілетсіз нысандарды таратуға назар аударғанымыз маңызды.

«Атамекен» ҰКП басқарма орынбасары берген ақпарат бойынша, әлеуетті инвесторлар үшін нысандардың тартымдылығын көтеру мақсатында кәсіпорындардың жаңа иелерін қолдау бойынша шаралар ұсынылды (келісім-шарттық өндіру, тапсырыстармен қамтамасыз ету сияқты және басқалары).

«Жекешелендірудің әлеуметтік аспектілерін ескере отырып, біз сонымен қатар әлеуметтік маңызға ие нысандарға деген ерекше ұстанымдарды пайдалануды, сонымен қатар оларды өткізуді тікелей сату арқылы емес, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, сенімгерлікпен басқару және т.б. механизмдер көмегімен ынталандырды ұсынамыз», - деп жалғады сөзін Юлия Якупбаева.

Отырыста аталып өткендей, жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асыру процесінде бірқатар түйткілдер айқындалды. Атап айтқанда, жекешелендіруді жүзеге асыру барысын ашу нашар жүргізіледі, жоспарланған сату туралы ақпарат жеткіліксіз, сатылатын нысандар бойынша PR-науқандар жоқтың қасы, әлеуметтік желілер, жарнамалық құралдар, және де басқа интернет ресурстар тартылуының төмендігі байқалады. Сонымен қатар өткізілетін нысандардың қаржылай ахуалы туралы ақпарат та жоқ. Осының барлығы әлеуетті инвесторлардың жекешелендіру нысандарын сатып алуға қызығушылығы туындамауына алып келеді.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар нысандарды сату алдында даярлау деңгейінің жеткіліксіздігін (қарыз ауыртпалығы, активтер тозуының жоғары дәрежесі, сатудың орындалмайтын талаптары және басқалары), өңірлердің жекешелендірудің ашу процесіне тартылуының төмендігін, сату нәтижелері мен меншікті қайта бөлудің БАҚ-та шашыраңқы жазылуын атады.

Бірқатар мемлекеттік компанияларды, нарықты бәсекелестерден босатып, жай ғана тарату да жөн болар еді деген ой айтылды.

Осыған орай процесті жан-жақты ашып көрсетуге бағытталған жекешелендіруге деген принципті түрдегі жаңа ұстанымдарды дайындау ұсынылды.

«Ең алдымен, жоспарланған және өткізілген сату, сатылатын нысандар мен олардың қаржылық ахуалы туралы, сатылған мүлік туралы ыңғайлы ақпараттық формадағы ақпараттың толық қолжетімділігі мен ашықтығы қажет. Оның үстіне өкілетті мемлекеттік органдар сайттарында ғана емес, БАҚ, әлеуметтік желілер, және басқа да халықтың көп бөлігіне қолжетімді ресурстарда да», - деп түсінік беріп кетті «Атамекен» ҰКП басшысының орынбасары.  

Ол сонымен бірге жекешелендіруді өңірлерде ашу бойынша ақпараттық саясатты дайындау жекелей жоспарланып отырғанын атап өтті. Оған брифингтер өткізу, БАҚ-қа материалдар орналастыру, өңірлік статистиканы тұрақты жинау және жариялау, сондай-ақ аталмыш процеске жергілікті атқару органдарын толықтай тарту кіреді.

«Жекешелендіруді ашып көрсету процесіне ҚР ҰКП сайтын (http://palata.kz/) белсенді түрде тартуға шешім қабылданды. Аталмыш сайтта мемлекеттік органдардан алынған ақпарат жүйелі әрі орталықтандырылған түрде орналастырылады», - деді Юлия Якупбаева.  

Жақында сенімгерлікпен басқаруды белсендіру механизмдерін дайындау және түйткілді мәселелерді талқылау бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастыру жоспарланып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер