«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жер кәсіпкерге қайтарылсын

2015 жылғы 16 Маусым
- Қостанай облысы
15664 просмотров

Қостанай облысында Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура қызметкерлері бизнесменнің жер телімін қайтарып алуына көмектесуде.

Қостанай ауданындағы Шаруа қожалығының басшысы Ғалиаскер Қасымов Палатаға түйткілді мәселені шешуде жәрдем көрсетуді сұрап жүгінді. Ол 2015 жылы аудандық әкімдіктің бір жақты тәртіпте Половников ауылдық округіндегі жалпы ауданы 340 гектар өзіне тиесілі жер телімін алып қоюға шешім қабылдағанын түсіндірді.

Бұл әрекетті кәсіпкер заңсыз деп есептеген, себебі ол жер кезінде өмір-бақи қолдануға берілген болатын, ал сәйкес шарт, шенеуніктердің әрекетіне қарамастан, заңды күшін жойған жоқ. 

Палата сарапшылары мен аудандық прокуратура қызметкерлері түйткілді зерттеу барысында кәсіпкер сөзінің дұрыстығын анықтайды. Мемлекеттік органдар жер телімін «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңның 92 және 8 баптарын бұзумен алған: жерді қолдану туралы алдыңғы шарт бұзылмаған, әділет органдары оның күші жойылғанын тіркемеген. Сонымен қатар, алу процедурасының өзі Жер кодексіне сәйкес сот тәртібінде жүргізілуге тиіс, бұл да жасалмаған.

«Аудандық прокуратура Қостанай ауданы әкімдігіне заңды бұзуды жою туралы ұсыныс енгізді. Онда жерді мәжбүрлі түрде алу туралы қаулының күшін жою және лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы талаптар көрсетілген. Біз кәсіпкерге қажет заңгерлік және консультациялық қолдауды көрсететін боламыз», - дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық қолдау жөніндегі орынбасары Самат Сәдуақасов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер