«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

«Атамекен» ҚР ҰКП әрекеттегі бизнесті қаржылай қолдауды алға тартады

2015 жылғы 18 Маусым
7226 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бағдарламасының аясында қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Бүгінде бағдарлама бойынша субсидияланатын мөлшерлеме 14% құрайды. Екінші деңгейлі банктер теңгелік өтімділіктің өткір жетіспеушілігі жағдайында БЖК бағдарламасына қатыса алмайтындарын мәлімдеп, жағдай тұрақтанғанға дейін субсидияланатын мөлшерлеменің мәжбүрлі уаықтша көтерілуін қарастыруды сұрайды, себебі экономикадағы ақшаның құны айтарлықтай өскен.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Бағдарламаға өзгертулер енгізілген соң Бағдарлама бойынша банктерден жаңа өтінімдер түскен жоқ.

Отырысқа қатысқан ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Шыңғыс Ахметов екінші деңгейлі банктердің өз жұмыстары бойынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынуын сұрады. «Ақырғы шешімді қабылдау үшін, деректер керек: біріншіден, екінші деңгейлі банктердің өздері қандай пайызбен қорландырады. Егер депозиттер бойынша айтар болсақ, ЕДБ өздерін қорландыруда заңды және жеке тұлғалар салымдарының үлесі қандай, онда сыртқы қарыз алысулар бар ма. Ақшаның ағымдағы өзіндік құнын айқындағаннан кейін кредиттер бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемені ұлғайту туралы мүмкіндікті қарай аламыз», - деп мәлімдеді ол.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева сәйкес статистиканың «Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ-мен бірге даярланатынын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар айналым қаражатын инвестициялық мақсатта кредит сомасынан 70% міндетті бағыттаусыз толтыруға кредит бойынша субсидиялау мүмкіндігін талқылады. Қазірде инвестициялық мақсаттарға, не болмаса өндірісті модернизациялауға және кеңейтуге бағытталған кредиттер ғана субсидиялауға жатады. Айналымдық қаражатты толықтыруға бағытталған жобалар мөлшері кредиттың жалпы сомасынан, сонымен қатар инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредиттен 30%-дан аспаған жағдайда ғана субсидиялауға жатуы мүмкін. 

Ұлттық палатаға ШОБ тарапынан да, ірі компаниялар тарапынан да қаржыландыруды айналымды толтыру жағына қайта бөлу бойынша мәселемен өтініштер келіп жатады. Банктер де бұл мәселеде кәсіпкерлер ұстанымымен келісті.

«Бүгінде әрекеттегі бизнеспен арада түйткіл туындап отыр. Оны қолдауымыз керек. Өкінішке орай, экономикадағы ақша саны төмендеп кетті және бизнес тек мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша ғана қолдау алады. ШОБ пен ірі бизнестің жаңа бағдарламалары Нұрлы жол бағдарламасының аясында қолдау алатынын ескере отырып, БЖК бойынша модернизациялаудан кетуді және қаражатты әрекеттегі бизнесті қолдауға жұмсауды және сонда айналымды қолдауды ұсындық», - деп атады Юлия Якупбаева.

Сонымен қатар бағдарламадан өңірлік үйлестіру кеңесі әрекеттегі кредитті/қаржылай лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк немесе лизингтік компания алынған комиссиялар, алымдар немесе бұрын кәсіпкер төлеген өзге де төлемдердің орнын толтыратыны жайлы ережені алып тастау ұсынысы талқыланды, себебі бұл екінші деңгейлі банкті шығынға әкеледі.

«Бұл мемлекеттік қолдау шаралары, мұндай шектеулер белгіленді. Егер мұндай талаптармен кредиттеудің мүмкін еместігі жағынан коммерциялық банктер тарапынан шынымен де осындай түйткіл туындайтын болса, қарауға дайынбыз», - деді Шыңғыс Ахметов.

«Кепілдіктердің күшін жоюға қатысты. «Даму» кепілдіктері мақсатсыз қолданылған жағдайда күшін жоятыны туралы мәселені көтерген болатынбыз – бұл дұрыс, және де үшінші тұлғалар шарт талаптарын бұзған жағдайда. Біздің кәсіпкерлер бұл мәселені көтерді және бұл дұрыс емес әрі кепілдік жұмыс жасамайды дейді», - деді Юлия Якупбаева.

«Даму» қоры өз тарапына айтылған шағымдарға келіскен жоқ және талқылаудан кейін осы мәселенің шешімі бойынша апта ішінде нақты редакция жасауға шешім қабылданды.

Талқылау барысында сонымен қатар субсидиялау бағдарламасына Қазақстандық қор биржасының листингінде жатқан облигациялар бойынша купондық мөлшерлемені субсидиялау бағдарламасына қосу туралы ұсыныс айтылды.

«Министрлік көтерілген мәселе бойынша қарсы болып отырған жоқ. Сіздердің редакцияны қарауға дайынбыз», - деп атады ҚР ҰЭМ өкілі Шыңғыс Ахметов.

БЖК-2020 бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағытын қайта жаңғырту туралы мәселе соңғы болып қаралды. «Өте жақсы құрал болған еді. Қазір өзекті ме? Осы мәселені көтереміз бе? Бірақ оған жеке ақша сұрау керек болады, бағдарламада қаражат бөлінбеген. Бағдарламаның осы бағытына қызығушылық танытқан қарызгерлер бар ма?», - деп Юлия Якупбаева отырысқа қатысушыларға жүгінді.

«Біз бұл мәселені толықтай қолдаймыз. Бізде бірқатар қарызгерлер болған еді. 2010 жылдан бастап осы бағыт бойынша өткен банктердің көпшілігінде болды деп ойлаймын. Алайда бұл бағдарлама үш жылмен шектелді», - деді «БанкЦентрКредит» АҚ басқарушы директоры Қайрат Бейсенов. Басқа ЕДБ өкілдері де оның сөзімен келісті.

Алайда «Даму» қорының өкілі Руслан Төлегенов екінші бағыт тиімсіз деп мәлімдеді. Үнемі сауықтырумен айналысып, кәсіпкерлер үшін жағдай жасай бере беруге де болмайды деген ойлар да айтылды. Ұлттық экономика министрлігінің де ұстанымы да осы жерден шығып, БЖК бағдарламасының екінші бағыты қазір оңтайлы еместігін жеткізді.

Ақырында мәселені қалдыруға шешім қабылданып, ал мүдделі банктердің жаңа критерийлер дайындауына тапсырма берілді. «Қазір сауықтыру мәселесін көтеретін уақыт. Мүдделі банктер, критерийлер бойынша өз ұсыныстарыңызды жіберіңіздер, оларды қарау керек болатын шығар», - деді Юлия Якупбаева.

Жалпы, тараптар сындарлы талқылаудан кейін келесі сәрсенбіге дейін Бизнестің жол картасы аясында қаржыландыру бойынша ұсыныстарға қатысты барлық шешілмеген мәселелерді өңдеп шығуға келісті.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер