«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Фермерлерге жасалатын кедергі төңірегінде

2015 жылғы 01 Шілде
- Қостанай облысы
13480 просмотров

«Құлан» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға жасалатын кедергілер туралы

Қостанай облысында шаруа қожалығының директоры бірнеше айдан бері артық құжаттар сұралуының салдарынан «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы сатып ала алмай жүр. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бизнесменге төрешілдік іркілістерді жоюға көмектесті.

Алтынсарин ауданының кәсіпкері Анатолий Рябец осы жылдың сәуір айының басында «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ филиалына 50 бас жылқы сатып алуға өтінім береді. Кәсіпкердің айтуынша, өтінім мақұлданған бетте оған хабарлаймыз деп уәде береді. 1,5 ай өткенмен іс сол орнынан қозғалмайды. 

«Әкімдіктен қоңырау шалып, жетістіктеріме қызығушылық таныта бастады. Ал тізімдерде аты-жөнім жоқ болып шықты, құжаттар сол күйі келмепті. Филиал да ол туралы ұмытып кеткендей. Осыдан кейін іс жылжыды, бірақ бағдарламаға қатысу үшін анықтамалар мен мөрлер жеткіліксіз болып шығады. Сонда асығыс жүгірмес үшін, қандай құжат қажет екенін бірден айта салуға болмады ма?», деп назаланады Анатолий Рябец.

Кепілдік қамсыздандыру қарызы ретінде ұсынған тұрғын үйдің техникалық төлқұжаты соңғы кедергі болды дейді кәсіпкер. Оны әзірлеу кезінде үйдің жалпы ауданы қайта өлшенеді, бұны «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК және Әділет басқармасы құжатпен растап отыр. Алайда «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ филиалының заңгері қосымша анықтама талап еткен. Анатолий Рябец Кәсіпкерлер палатасынан қолдау сұрап, жүгінеді.

«Бұл жағдайда ғимарат ауданының өзгергенін растайтын анықтаманы талап ету және акт көмегімен өзгерісті тіркеу қажеттігінің жоқтығы заңсыз болып табылады. Бұл туралы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ облыстық филиалының басшылығына жазбаша хабарладық. Жауап та келіп, түйткілді мәселе шешімін тапты. Филиалдың кредиттік комитетінің 24 маусымдағы шешімімен кәсіпкерді қаржыландыру мақұлданды», - дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық қолдау жөніндегі орынбасары Самат Сәдуақасов.

Сәл бұрын, облыстық әкімдікте өткен жиналыста Қостанай облысының малшылары мемлекеттік бағдарламаға қатысуға асықпайды деп хабарланған еді. Атап айтқанда, «Құлан» бағдарламасы бойынша тапсырмада 2000 бас деп берілген болса, шамамен 1 000 бас қана сатылып алынған. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2015 жылға арналған жоспар-тапсырма 5 892 аналық мал басынан тұрады, бірақ бүгінде 490 бас қана сиыр сатылып алыныпты.

Бизнесмендер Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі отырыстарында мал шаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысу процедурасындағы төрешілдікті үнемі айтып отырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер