«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жол қозғалысы ережесін бұзу: бәрі бірі үшін бе, әлде бірі бәрі үшін бе?

2015 жылғы 03 Шілде
- Қостанай облысы
14904 просмотров

Қостанайда екі такси компаниясы жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 1 млн теңге сомасындағы айыппұлдан босатылды

Сотта жаза белгілеудің заңсыздығын дәлелдеуге Кәсіпкерлер палатасы көмектесті, деп хабарлады брифингте ұйым сарапшылары.

2015 жылғы қаңтар айынан бастап «Такси Народное» ЖШС және «Ыбрай» ЖК атына жүргізушілердің стоп-сызығынан және қиылыстардағы жол белгілерінен өтіп кету деректері бойынша айыппұл төлеу туралы ұйғарымдар келе бастайды. «Интегра-КДД» автоматтандырылған жүйесі 91 бұзуды тіркеген. Таксомотор компаниясының өкілдері ұйғарымдармен келіспей, Кәсіпкерлер палатасынан құқықтық қолдау сұрап жүгінеді. Келіспеуге бірнеше себеп бар еді.

Біріншіден, жаңа ереже бойынша жүргізушінің өтіп кетуіне болмайтын стоп-сызықтарды қиылыстарда қыс мезгілінде көру мүлде мүмкін емес, ал белгілерді көбінесе ірі габоритті автолар жауып қала береді. Екіншіден, «Әкімшілік құқық бұзулар туралы» ҚР Кодексінің 31 бабы 2 тармағына сәйкес, ЖҚЕ сақтамағаны үшін жауапкершілікті автомобиль иесі емес, шын мәнісінде оны басқарып отырған адам алады. Яғни фирма емес, автоны жалға алған жеке жүргізуші.

«Осы бапқа сілтеме жасай отырып, сот компанияны миллиондаған айыппұлдан босатып, әрбір ұйғарымның күшін жойды. Біздің сарапшылар осы уақыт бойында фирмалараға консультация беріп, қуыным арыз жазуға жәрдем көрсетті», - деп хабарлады Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен әрекеттестік жөніндегі бөлімінің бастығы Манарбек Бермұханбедов.

«Такси Народное» ЖШС заңгері Ақмарал Әубәкірова брифингте хабарлағандай, фирма бұзуға жол берген жүргізушілердің шамамен 10 мың теңге көлеміндегі айыппұлды төлеуі қажет деген шешім қабылдады. Сонымен бірге, Палата сарапшылары оларға заңгерлік қолдау көрсетіп отыруға дайын екендіктерін мәлімдеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер