«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

ҰКП «Кәсіптік білім беру туралы» заң жобасының тұжырымдамасын дайындайды

2015 жылғы 14 Тамыз
12271 просмотров

Бұл мәселені Ұлттық баяндамаға және 2018 жылға дейінгі ҰКП Даму стратегиясына қосу ұсынылуда. 

«Кәсіптік білім беру туралы» заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында осындай ұсыныстар айтылды. Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов айтып өткендей, бүгінде Ұлттық палатада Мемлекет басшысына арналған құжат – «Қазақстандағы кәсіпкерліктің ахуалы туралы» Ұлттық баяндама, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП 2018 жылға дейінгі Даму стратегиясы дайындалып жатыр. Ол дәл осы стратегиялық құжаттарға кәсіптік-техникалық оқыту туралы мәселені де қосуды ұсынып отыр.

«Бүгін мемлекет білім беру саласына разы емес, бизнес кәсіпкерлік үшін мамандар біліктілігінің жеткіліксіздігі жайлы айтады. Бүгін «Кәсіптік-техникалық білім беру туралы» заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы жиналысында бас қосып отырмыз. Заманауи білім берудің экономиканың индустриялық-инновациялық дамуына, бизнес сұрауларына жауап беру міндеті алда тұр. Сондықтан да кәсіптік білім беру жүйесі тұлғаны, еңбек нарығы қажеттіліктерін ғана емес, экономика қажеттіліктерін де қанағаттандыруда басты рольді ойнайды», - деп мәлімдеді Талғат Доскенов.

ҰКП-да заң жобасын дайындау жұмысы басталып кетті. Дайындаушылардың сендіруінше, құжат халықаралық тәжірибеге негізделмекші.

«Топтама жасап, «Кәсіптік білім беру туралы» бірнеше заңды алдық. Бұл Латвия, Беларусь, Ресей, Германия заңдары. Және де бізде бейімдеу үшін Украина тәжірибесі біршама қолайлы деп ойлаймыз. Олар бұл бағытта әлдеқайда алға кеткен. Жақсы нормалар болып жатса, оларды неге негізге алмасқа», - деп атады ҰКП адами капиталды дамыту департаментінің директоры Ләззат Шонаева.

Жұмыс тобына Ұлттық палатадан практикалық өтілі де бар білім беру саласының тәжірибелі мамандары кірді. Сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасына салалық қауымдастықтар, білім және ғылым, экономика, әлеуметтік даму министрліктері өкілдері де әріптесуге шақырылып жатыр. Кейбір мемлекеттік органдар қызметкерлері топқа қатысушы ретінде отырыс барысында ұсыныстарын ортаға салды.

«2012-2015 жылдары жұмыс тобы құрылды, ҚР Әлеуметтік даму министрлігінің сайтына орналастырылған «Кәсіби біліктілік туралы» заң жобасының тұжырымдамасы бар. Жұмысты басынан бастамау үшін, осы құжатты негізге алуымызға болады. Жұмыс тобымызға біршама жауаптырақ әрі сапалырақ тұрғыдан келу үшін, бөлініп, әрбір 10 жұмыс бағыты бойынша топтар құруды ұсынамыз», - деп атады ҚР БҒМ КжТББ модернизациялау және дамыту департаментінің директоры Сабыржан Мәдеев.

Отырыс барысында сонымен қатар жоғары оқу орындарының бақылау кеңестері мысалында колледждер жанынан арнайы кеңестер құру ұсынылды. Мұндай кеңестер нақты бір колледжде білім беру стратегиясын дайындай алады. Сондай-ақ, жұмыс тобына қатысушылардың пікірінше, кәсіптік-техникалық білім беру саласында сертификаттау жүйесін енгізуге болады – бұл біліктіліктің 8 деңгейі.

«Кәсіпқой қоғамдастық тарапынан дәнекерлеушілерді, токарьларды сертификаттау қажет болады. Кеңес Одағында ол разряд деп аталатын. Ал бізде 8 деңгей болады, ондағы сегізінші – бұл министр. Біз осыған талпынамыз», - деп қорытты Талғат Доскенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер