«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Жас Атамекен»: күшіміз бірлікте!

2015 жылғы 28 Тамыз
- Қостанай облысы
14680 просмотров

Жас әрі бастамашыл қостанайлықтарға түйткілдер шешуде және бизнесті өркендетуде көмек көрсетілуде

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған «Жас Атамекен» Жас кәсіпкерлер клубының мүшелері алдарына осындай мақсат қойды.  

Жаңа бірлестік жұмысын әлеуметтік желілерде ресми парақша ашудан бастады. Бизнес саласындағы кәсіби мәселелерді талқылау үшін, жастар аталмыш парақшаға жазыла алады. Сұхбаттар он-лайн түрде қызу әңгімеге, дөңгелек үстелдерге айналды. Клуб мүшелері міндеттерін айқындады, ұзақ мерзімдік келешекке стратегия дайындады: іскер жастар санын жыл сайын көбейтіп тұру, нәтижесінде — өңірдегі ШОБ пен экономиканы дамыту.

Бүгінгі таңда Клубқа ресми түрде 60 адам кірді. Олар 18 бен 35 жас аралығында және әрқайсысы жеке шағын іспен айналысады. Бұл ауыз су және кәдесый өнімдерін сату жобалары, косметикалық қызметтер және құрылыс материалдарын өндіру, web-дизайн және интернет-сауда. Айына кем дегенде екі рет көзбе-көз отырыс өткізіледі.

«Егер жастарды салық салу мәселелері қызықтырар болса, кездесуді осы тақырыпқа арнаймыз, барлық қыр-сырын, нюанстарын түсіндіру үшін, түйткілді мәселелерде көмектесу үшін, Палата консультанттарын шақырамыз. Отырыстар тақырыптары әртүрлі. Қатысушылар бір-бірімен интернетте және әлеуметтік желілерде бизнесті өркендету құпияларымен бөліседі. Ешқандай бәсекелестік жоқ. Міндет – бір-біріне көмектесу», - деп атайды Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы «Жас Атамекен» Жас кәсіпкерлер клубының кураторы Зарина Көкжанова.

Клуб қамқорлығымен жастардың щоғырлануы тәжірибелік көмекке келген мысалдар баршылық. Мысалы, Рүстем Құсайынов жақында автомобильдерге арналған жуу құралдарын өндіру жобасын іске қосады, дегенмен жас кәсіпкерде даярлық кезеңінде үй-жайды жалдауға байланысты түйткіл туындап отыр. Оған барлығы бірге көмек көрсетті, шикізат жеткізуге шарт жасауда да заңгерлік көмек берілді. Қыркүйек айының басында жергілікті өнімнің алғашқы топтамасы жарық көреді.

«Клуб мүшелері Палата өткізетін бизнес-форумдарға қатысу, сарапшылардың кезектен тыс тегін қолдау ұсынуы жөнінен, түрлі деңгейдегі нормативтік-құқықтық актілерді қарауға қатысу және т.б. жөнінен артықшылыққа ие. Яғни бәрі де жастар кәсіпкерлігін дамытуға шынымен тиімді істер», - дейді Зарина Көкжанова.

Клуб жеке тәжірибесімен бөлісуді ғана емес, ол үшін өңірдегі табысты бизнесмендерді шақыруды да жоспарлап отыр. Бірінші кезекте — Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелерін шақыру. Клуб келешекте желіні кеңейтіп, облыстағы барлық қалалар мен аудандардан қатысушыларды тартпақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер