«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ақтауға томскілік бизнесмендер келмекші

2015 жылғы 02 Қазан
- Маңғыстау облысы
13283 просмотров

2015 жылғы 19-20 қазанда Маңғыстау облысына Томск қаласының кәсіпкерлері бизнес-миссиямен келеді

Сібірлік бизнесмендердің Ақтауға келу сапарының мақсаты қазақстандық әріптестермен кооперациялық байланыстарды орнату болып табылады деп болжануда.

«Байланыстар биржасы» форматындағы екі жақты кездесулер базасында Ақтаудың іскер жандары Томск облысының ірі кәсіпорынларының басшыларымен кездеседі. Олардың арасында – индукциялық қыздыру жүйелері мен кешендерін дайындаумен және өндірумен айналысатын «Магнит М» компаниясы, мұнай және газ, мұнай химиясы, энергетикалық өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық және басқа да салаларға арналған жабдықтарды шығарумен айналысатын «НПО «Сибирский машиностроитель» компанияларын атап өту керек.

Маңғыстаулық кәсіпкерлер аналитикалық құралдар, әдістемелік және бағдарламалық жасақтама, даярлау сынамалары құрылғыларын, су, топырақ, ауа, тағам өнімдеріндегі улы қоспаларды бақылауға және химиялық талдау жүргізуге арналған қосалқы жабдықтар өндірумен айналысатын «НПО «Томьаналит» қызметімен танысады. Сонымен қатар табиғи ағаштан жиһаз жасайтын «СП «Технолес» презентациясы өтеді.

Қазақстандық тараптан форумға машина жасау кәсіпорындары, мұнай-газ, ТКШ, энергетика секторының ұйымдары, металлургия компаниялары қатысады.

Томскілік бизнесмендер өз кезегінде Маңғыстау облысындағы бірқатар кәсіпорындарға барып көруге тілек білдірді. Мұнай және газ кен орындарына бару қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр.

«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ҚараҚұдықМұнай» ЖШС және «Buzachi Operating LTD» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар атына экскурсиялар ұйымдастыруды, томскілік компаниялар презентациясына жәрдем көрсетуді және іскерілк келіссөздер өткізуді сұрап өтініш білдірдік», - деді ӨКП директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Манов.

Негізгі іс-шараны Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткізу жоспарланып отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

Ең жақсысы – қауіпсіз ойыншықтар
27 Қазан
2015
Батыс Қазақстан облысы
Танысып алайық, сосын қауымдасамыз
21 Қазан
2015
Маңғыстау облысы
Балық сатыла береді
28 Қыркүйек
2015
Қызылорда облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер