«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Шымкент және Челябі бизнесмендері: байланыс орнады!

2015 жылғы 07 Қазан
- Шымкент қаласы
15444 просмотров

Шымкенттік мотор майлары және шыныдан жасалған ыдыстар өндірісі өткізу нарығын Челябіден тапты

Шыны ыдыстар шығару жөніндегі «Еурокристалл» зауыты мен мотор майларын өндіретін «Hill Corporation» кәсіпорны Ресейдің Оңтүстік-Орал өңіріне өнім жеткізетін болады.

Шымкентке келген Оңтүстік Орал өңірінің Сауда-Өнеркәсіп Палатасының президенті Федор Дегтярев бастаған 18 ресейлік кәсіпкерден тұратын делегацияның келу сапары барысында осындай келісуге қол жеткізілді.

Үстіміздегі жылдың басында ғана ресейлік Палата мен Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын. Қазіргі келу сапарының мақсаты да сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және өңірлер арасында серіктестік қатынастар орнату, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысына инвестициялар тарту болды.

Сапар аясында Челябі және Оңтүстік Қазақстан облыстары Ынтымақтастық форумы, В2В-кездесулер, іскерлік келіссөздер өтіп, оған 30-дан астам оңтүстік-қазақстандық өндіріс орны қатысты. Кездесуде екі өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Қасымбеков қонақтармен амандаса отырып, өңірдің серпінмен дамуына әрі инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін өнеркәсіптік-экономикалық әлеуетіне тоқталды.

«Оңтсүтік Қазақстанда шамамен 3 миллион адам тұрады. Бұл іскерлігімен әрі жұмыс жасауға деген ынтасымен ерекшеленетін аса зор еңбек ресурсы. Оңтүстіктің шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлік субъектілері саны жөнінен көш басында тұруына таңқалуға болмайды», - деп атады ол.

Іскерлік форумға қатысушылар екі тарап үшін шағын және орта бизнесті қолдаудағы өзекті мәселелерді талқылады. ЖШС жүргізген келіссөздер аясында шымкенттік «Hill Corporation» компаниясының челябілік «Тагинский карьер» өндірісіне мотор майларын жеткізуі туралы келісімге қол жеткізілді. «Еурокристалл» ЖШС Ресейге шыны ыдыс жөнелтіп, ресейлік «Веском» ЖШҚ-дан таразы жабдық алып тұратын болады. Кәсіпорны бірегей құрылыс материалы – иілгіш тас өндіретін шымкенттік кәсіпкер Гүлнара Жолдыбаева өндірісі үшін «Коелгомрамор» ЖАҚ компаниясы тұлғасындағы әлеуетті жеткізуші тауып алды. Бұрын ол оны Мәскеуден әкелетін, ал бұл логистикалық шығындар салдарынан тиімсіз болған еді. Бірақ Челябі оңтсүтікке қарай әрі Мәскеуден жақынырақ орналасқан, және де аталмыш келісу шығарылатын өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай түсіруге сеп болады. Ресейлік «АстартА» зауыты шымкенттік «Глобус плюс» ЖШС консерві қақпақтарын жеткізетін болады. Оңтүстік кәсіпкерлері банка қақпақтарын да бұрын мәскеулік өндірушілерден сатып алып тұрған екен.

Қонақтар «Оңтүстік» Индустриялық аймағында және сонда орналасқан шымкенттік өндіріс орындарында болды. Ресейліктер 70-тен астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан Индустриялық аймақтың көлеміне таңқалды. Олар «Еурокристалл» шынысынан өнім өндіретін кәсіпорында қолданылатын ерекше технологияға және тереңдік сорғыларын шығаратын Қазақстандағы жалғыз бірегей «Карлскрона» зауытына ерекше қызығушылық танытты.

Тараптар Шымкентте машина жасау саласындағы жабдықтарды шығаратын челябілік «Оптима» ВТК ЖШҚ өкілдігін ашу туралы келісімге келді.

Оңтүстік-қазақстандық және челябілік кәсіпкерлер сауда-экономикалық миссия нәтижелері өңірлер арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамытудың өзектілігі мен тиімділігін көрсеткенін атады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер