«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кредит бермей ме? Грант аламыз

2015 жылғы 13 Қазан
- Қарағанды облысы
16244 просмотров

Қарағанды облысында Қарқаралы ауданының кәсіпкерлері ең көп мөлшерде – 6 грант жеңіп алды

Кредит ала алмағандар гранттар байқауында жобаларын лайықты түрде таныстырып, бизнесті дамытуға қомақты көлемдегі соманы жеңіп ала алды.

Қарағайлылықтардың үстелінде ендігі жерде жергілікті наубайханада пісірілген нан тұратын болады. Әсет Әкімбеков Қарағанды облысы әкімінің грантын жеңіп алды және енді ауылдастары аудан орталығы Қарқаралы қаласынан нан тасымайтын болды. Әсет осы жылдың шілде айында ресейлік жабдық алып келіп, оның көмегімен ауыл тұрғындарын қуантатын болды. Бұл туралы анасымен екеуі көптен бері армандап келген еді – былтыр кепілдемелік қамсыздандырудың жеткіліксіздігі салдарынан кредит берілмеген еді. Сәттілік басқа жерден табылып, олар жарты миллион теңге грант ұтып алды. Қарқаралы ауданында нанды әлі де аудан орталығынан сатып алып жүрген тұрғындар кездесетін ауылдар жетіп жатыр. Кәсіпкерлерді қолдау орталығы Әсеттің мысалы басқаларды бизнес жүргізуді бастауға шабыт береріне сенімді.

Думан Бейсенаев та қызмет көрсету саласына жаңалық енгізуде. Оның ептілігінің арқасында Қарқаралы қаласында алғашқы салон пайда болады. Ол да бизнесті бастауға 400 000 теңге сомасындағы грантқа ие болды. Осыған дейін аудан орталығында тек шағын шаштараздар ғана бар еді. Ал Думан қызметтердің толық аясын көрсетпекші. Әсіресе әйелдер жағы ерекше қуанышқа ие болмақ, дейді курста әйелдер шашын қию жөніндегі шеберлігін шыңдап жүрген салон иесі. Енді оның салоны толығымен жабдықталды және клиенттерді күтуде.

Қоян етінен жасалатын жеңсік ас қарағандылық талғампаздардың көңілінен шығып үлгерді. Бұл жақтың мейрамханаларына етті Жігер Кәрімұлы жеткізеді. Оның екі рет жолы болыпты – 1 800 000 теңге сомасына екі грант алған екен. Бұл қаражатты қоян өсіру жөніндегі бұрыннан келе жатқан өндірісін дамытуға салмақшы. Бір айта кететіні, ол ет өндіріп қана қоймай, былғарыны да сатады.

Ағаштан кәдесыйлар жасайтын Асылбек Шәмшиев өңірдегі туризмге жәрдем жасауға бел буыпты. Ол естелік сөздер жазылған өнімін Қарқаралының әйгілі демалыс үйлерінде табыспен сатады. Гранттар байқауында көркем өнер студиясының жобасын ұсынып, 300 мың теңге ұтып алды.

Ал Қарағайлы тұрғыны Жандос Қонысбаев ең үлкен грант - 2 800 000 теңгеге ие болды. Ол бұл қаражатты құлпынайға жұмсайды. Енді бұл жерде қияр және помидорлармен бірге ең танымал жидек өсірілетін болды.

Осының бәрі жеке ісін ашуға бел буғандар жолында кедергінің жоқтығына жарқын мысалдар. Қарқаралыдағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығы оқуға және «Бизнес-кеңесші» сертификатын алуға, бизнес-жоспар дайындауға және құжаттар жинауға жәрдем көрсетті. Нәтижесінде осы өңірге гранттар көптеп «келді».

Кәсіпкерлерді қолдау орталығында ісін бастаушы және әрекеттегі бизнесмендер үшін барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Бұл жерде неден бастау керектігін, бизнес-жоспарды қалай бастау керектігін, істі бастауға ақшаны қайдан алуға болатынын ойыңызға салып береді. Сонымен қатар бухгалтерлік мәселелерді шешу жолдарын, заңгерлік істерді жөнге салу жөнінен консультация беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер