«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ауыл наны – дәмді әрі табыс әкеледі!

2015 жылғы 19 Қазан
- Қостанай облысы
12978 просмотров

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Черниговка ауылының тұрғындары келесі жылдан бастап жергілікті жерде өндірілген нанды сатып ала алады

Нан Магамадовтар отбасының «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту Бірыңғай бағдарламасы бойынша алған грантына салынатын жаңа кондитерлік цехта пісіріледі.

Черниговкада жеке наубайхана жоқ. Жаңа пісірілген нан 30 шақырым жерде жатқан аудан орталығынан әкелінеді. Айшат Магомадова осы кемшіліктің орнын толтыруға бел буды. Ол ұзақ жылдар бойы үйде торт пісірумен айналысқан болатын. Мұндай бизнес үнемі сұранысқа ие болып келді. Жинақталған тәжірибе тиімді өндірісті кеңейту идеясына алып келді. Қолына тиген 2,3 млн. теңгеге ол ескі ғимаратты жөндеп шығып, келесі жылдың басынан-ақ жеке ісін бастап кетпекші.

«Нанды да, сонымен бір уақытта торттарды да пісіретін боламыз. Аулымыз шағын ғана - 1,5 мың адам, және де мерекеге адамдар үйіме келіп, тапсырыс беріп тұратын. Тіпті көрші ауылдардан да келгендер болды. Цех ашамыз, көмекке тағы бір-екі адам аламын, тәжірибеммен бөлісемін. Сәл кейінірек печенье және бәліш пісіру үшін жабдықтар желісін сатып алу жоспарда бар», - дейді Айшат Магомадова.

Ғимаратта кондитерлік цехпен бірге шағын дәмхана мен киім дүкені орналасады. Саудамен ұлым айналысады. Магомадовтар мұндай бизнестің көптеп сұралатынына күмән келтірмейді: ауылда бар-жоғы төрт дүкен, дейді Айшат, және де бәрі де азық-түлік сатады.

Кәсіпкер әйелдің «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасына қатысу шарттары бойынша консультацияны Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығында алғанын атап өту керек. Орталық қызметкерлері оның қажет құжаттарды жинауына көмектесті. Жыл басынан бері Қостанай облысының 234 тұрғыны Палата консультанттарының бейқаржылық қолдауының арқасында жеке бизнес ашқан екен.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер