«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда тегін сервис өрістеуде

2015 жылғы 28 Қазан
- Қостанай облысы
11846 просмотров

Қостанай облысындағы бір жарым мыңнан астам бизнесмен «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында сервистік қызметтерді пайдаланған.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов айтып кеткендей, 2015 жылғы 1 қазанға дейінгі ахуалы бойынша менеджер-консультанттар 1794 қызмет көрсеткен, бұл жалпы Жоспардан 102,2% құрайды.

«Қостанайда қызметті 483 клиент пайдаланса, облыс аудандарында - 725 және моноқалаларда - 331. Жоспардың асыра орындалғанына қарамастан, «БЖК-2020» Бірыңғай бағдарламасына сәйкес Палата сервистік қолдау көрсетуді жыл соңына дейін жалғастырады», - деп баса көрсетті Мұрат Әбенов.  

Ол сонымен қатар кәсіпкерлер мен көрсетілген қызметтер санының жыл өткен сайын өсіп келе жатқанын атады. Егер 2013 жылы 584 кәсіпорын 766 қызмет алса, 2014 жылы 1033 кәсіпкер 1860 қызмет алған. Биыл оларды көрсету жоспары өткен жылғы көрсеткіштен 2 есеге асады.

«Бүгінгі күні бухгалтерлік және заңгерлік қызметтер, сонымен қатар ақпараттық технологиялар жөніндегі қызметтер көптеп сұралады. Егер маркетингтік қызметтер туралы айтар болсақ, мәселен, Жітіқара ауданының жеті кәсіпкеріне жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін бизнес-жоспарлар жасалды. Олардың қатарында – алкогольсіз және түрік сусындары, гипсті картонға арналған профильдер, жарма өнімдері өндірісі мен көкөніс қоймасы құрылысы», - деп мәлімдеді ӨКП директорв Мұрат Әбенов. 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға және сол кезеңде қолданыста болған «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасына сәйкес, Кәсіпкерлер палатасы 2014 жылдан бері бизнесті сервистік қолдау операторы болып табылады. Мұндай қолдау кәсіпорынның тиімділігін көтеру үшін оның басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Биылғы жылы Қостанай облысы бизнесмендеріне сервистік қолдау ұсыну 15 маусымнан басталды. Палатаның 8 қызмет түрі ішінен 4 түрін менеджер-консультанттарды тарту жолымен, ал қалған 4 түрін екі консалтингілік компанияны тартумен жүзеге асырып жатқаны оның ерекшелігі болып табылады. Барлық консультанттардың кандидатуралары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің келісуінен өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер