«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кіммен жұмыс жасауға болады?

2015 жылғы 29 Қазан
- Қостанай облысы
11671 просмотров

Қостанайлық кәсіпкерлерге Сыртқы экономикалық қызметке адал ниетті қатысушылар тізіліміне ену ұсынылуда

Аталмыш тізілімді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік бөлімшелері арқылы қалыптастырады.

Тізілім тауарлар, жұмыстар және қызметтердің экономикалық айналымына қатысатын және өздерін сенімді іскерлік серіктестер ретінде көрсеткен бизнес субъектілерінің бірыңғай базасы болып табылады.

«Аталмыш Тізілімде болу шетелдік әріптестер үшін олардың сыртқы экономикалық қызметтің өркениетті ережелерін сақтайтын адал ниетті қазақстандық компаниялармен жұмыс жасап отырғанына кепілдік қызметін атқарады», - дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.

Тізілім сонымен қатар ішкі нарықта отандық кәсіпкерлік субъектілеріне деген сенімнің көтерілуіне, сонымен қатар елде өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі деп жоспарлануда.

Кәсіпкерлер палатасы Тізілімге қосу үшін негізгі қостанайлық экспорттаушы компанияларға толтыруға сәйкес құжаттарды жіберіп те қойды. Қажет болып жатса, мұнда өңірдегі кез-келген сыртқы экономикалық қызмет қатысушысының кандидатурасын қарауға дайын.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер