«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық аграрийлерге арналған 100kg.kz сайты

2015 жылғы 18 Қараша
- Қостанай облысы
13454 просмотров

Қостанайда ауылшаруашылық тауар өндірушілерге арналған - www.100kg.kz сауда онлайн-алаңы пайда болды. Оның авторы Алтынсарин ауданындағы жас кәсіпкер Константин Ёлкин болып отыр.

Интернет-жоба төрт санатқа бөлінген хабарландырулар сайты болып табылады: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, техника және қосалқы бөлшектер. Аталмыш өнімдерді сатып ауға немесе сатуға мүдделі кез-келген пайдаланушы сайтқа кіріп, хабарландыру қалдыра алады немесе тауар таңдауына болады.

Қазір сайтта шамамен 20-ға жуық хабарландыру тұр, алайда авторлар әлеуетті пайдаланушыларды көбейту үшін қосымша функциялармен жұмыс жасауда.

«Автоматты түрде хабарлау функциясын жөндеп жатырмыз. Мысалы, сатып алушыға бидай қажет болатын болса, ол кіріп, тіркеледі де, арнайы бағанға белгі соғады, өлшемдерді көрсетеді. Осыдан кейін оның поштасына баға ұсыныстары және байланыс мәліметтері берілген хаттар келе бастайды. Бұл өте ыңғайлы болады деп ойлаймын. Өңірімізге ондай дүние әлі келмеген», - дейді Константин Ёлкин.

Мамандандырылған сату сайтын құру идеясы жас кәсіпкерге кездейсоқ келген жоқ. Ол әкесімен бірге шағын шаруа қожалығына басшылық етеді және жаңа технологиялардың осы саламен айналысатындардың өмірін қаншалықты жеңілдетуі мүмкін екенін түсінеді. Константиннің жобаны іске асыруына дизайнер мен бағдарламашы көмек көрсетіп жүр. Сайтта зеріктірмейтін қосымша беттер жасақталады.

«1942 жылдан бергі облысымыздағы ауа райы мұрағатын қоспақшымыз. Түрлі жылдардағы түрлі кезеңдерде ауа температурасын қарау қызығушылық тудырады деген ойдамын. Сондай-ақ арнайы фото-галерея жасаймыз. Ойластырар нәрсе көп. Қазіргі басты мақсат – бұл клиенттер тарту. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп те үлгерді», - деп атады Константин Ёлкин. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер