«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Лицензиялық алым – бұдан былай 20 шілдеге дейін

2015 жылғы 14 Желтоқсан
- Қостанай облысы
14104 просмотров

2016 жылдан бастап алкоголь өнімін сақтауға және өткізуге лицензиялық алымды 20 шілдеге дейін төлеуге болады

Кәсіпкерлер палатасында өткен бизнесмендермен жұмыс кездесуі барсында Қостанай облысы мемлекеттік табыс департаментінің бас маманы Бауыржан Ерменов осылай деп хабарлады.

Жыл сайынғы алымды міндетті төлем жөніндегі норма осы жылдан бастап қана әрекет ете бастады. Төлемді 20 қаңтарға дейін жасау қажет болатын. Бірақ, Палата сарапшылары бірнеше мәрте атап өткендей, биззнесмендердің болмашы ғана мерзім өткізіп алғаны үшін де айыппұл ретіндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мерзімді ауыстыру сауда нүктелеріне ұшырасатын түйткілдерді болдырмауға мүмкіндік беретін шығар, бәлкім. 

Дей тұрғанмен, бұл Бауыржан Ерменов жеткізген Салық кодексінің жалғыз жаңалығы емес. Мәселен, кәсіпкерлер салық төлеу бойынша мерзімді өткізіп алғаны үшін республикалық комитетке емес, тікелей облыстық департаментке жүгіне алады. Бұл мәселенің жедел шешілуіне сеп болады. Сонымен қатар, 2016 жылғы 1 сәуірде ҚҚС төлеуші куәлігін беру толығымен электронды форматқа көшеді. Бұл қағаз түріндегі көшірмесін алу қажеттілігі болмайтындықтан, әлдеқайда ыңғайлы.

«Жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс жасайтын арнайы режимдегілерге келер болсақ, бұрын мұндай кәсіпкерлер табыстары Қазақстандағы көздерден ғана тұрғаны жайлы норма бар болған болса, ендігі жерде жеңілдетілген декларацияға елден тыс жерлерде алынған табыстар да кіргізілетін болады», - деп атады Бауыржан Ерменов.

Департамент өкілі Кәсіпкерлер палатасына алдын-ала жолданған сауалдарға да жауап берді. Олардың бірі алкоголь өніміне есептік-бақылау таңбаларды қорғау элементтерін айқындайтын арнайы аспаптарды міндетті қолдануға қатысты болды. Бауыржан Ерменов баса көрсеткендей, «ол үшін ешқандай да айыппұл салынбайды, себебі мұндай аспаптар тіпті жеткілікті деңгейде сатылымда да жоқ».

Бизнесмендер жаңа жылдан бастап кімнің POS-терминал қолдануға міндетті екені, кімнің міндеттелмейтіні жайын да сұрастырды.

«Үш фактор бірден сәйкес келгенде орнату қажет. Біріншісі, сату облыс орталығында және олыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асырылған жағдайда. Мәселен, Жітіқара және аудандар да бұл талапқа жатқызылмайды. Екіншісі, егер қызмет түрі Үкімет белгілеген  №1147 тізбеге сәйкес келетін болса, онда 14 түр бар. Үшіншісі, егер қолма қол ақшамен жұмыс жасайтын болсаңыз. Егер банк бойынша ғана жұмыс жасасаңыз, орнатудың қажеті жоқ. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер де сұрап жатыр, менің жауабым: егер ЖШС жеке өзі өндіретін өнімді сататын болса, аппаратты орнатудың қажеті болмайды», - деп баса көрсетті Бауыржан Ерменов.  

Департамент өкілдері кеш соңында Палата өзекті мәселелерді жинақтап, соңында оларға егжей-тегжейлі жауап берілетін осындай сұхбат форматының өнімділігі мен ыңғайлылығын атап өтті. Сонымен бірге департаментке жүгінген жағдайда Салық кодексінің кез-келген нормаларын жеке тәртіпте түсіндіріп беруге әрдайым дайын екендерін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер