«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кредит алуға арналған 10 қадам (Қостанай облысы)

2015 жылғы 18 Желтоқсан
- Қостанай облысы
10834 просмотров

Алдымен, ісін бастаушы кәсіпкер «Бизнес-кеңесші курсынан» өтіп, сертификат алуға тиіс.

  1. Өтініш беруші кредит алуға өтінішпен екінші деңгейдегі банкке жүгінеді.
  2. Банк өз бетінше Банктің ішкі құжаттарында орнатылған процедураға сәйкес жобаны сараптамадан өткізіп, «Даму» қорының ішінара кепілдендіруімен жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Банк жобаны қаржыландыру жөнінде оң шешім қабылдаған жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде «Даму» Қорына кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажет құжаттарды жолдайды.
  3. «Даму» қоры кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда Банкке кепілдік беру мүмкіндігі туралы «Даму» қорының оң шешімі жазылған хат жолдайды.
  4. Банк «Даму» қорының оң шешімі жазылған хатты алғаннан кейін өтініш берушіге қажет кепілдік сомасының есебін көрсетумен жасалатын кредит шарттары туралы сәйкес хатты ұсынады.
  5. Кәсіпкер Банктен хат алғаннан кейін өтінішпен, Банктің хатын, кепілдіктің қажет мөлшерін есептеуді қоса тіркей отырып, жергілікті деңгейде Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына (КИИДБ) жүгінеді.
  6. КИИДБ жобаны ӨҮК (өңірлік үйлестіру кеңесі – бағдарлама аясында қолдау беру туралы шешім қабылдайтын комиссия) қарауына шығарады.
  7. ӨҮК жобаларды Бағдарлама критерийлеріне сәйкестікке қарастырады және өңір басымдылықтарына сәйкес кепілдік беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі сәйкес хаттамамен ресімделеді.
  8. КИИДБ-дан кәсіпкердің кредитін ішінара кепілдендіруді келісу туралы ӨҮК хаттамасын/хаттамадан үзіндіні алғаннан кейін «Даму» Қоры Банкке алдын-ала кепілдемелік хат жолдайды.
  9. Банк ӨҮК хаттамасын және алдын-ала кепілдемелік хатты алғаннан кейін кәсіпкерден кредиттік шарт, кепіл шартын жасап, олардың көшірмелерін «Даму» қорына жолдайды.
  10. Банк пен кәсіпкер арасында сәйкес кредит Шарты жасалғаннан кейін, Банк, «Даму» қоры және кәсіпкер кепілдік Шартына қол қояды.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер