«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жарнамаға жер бергісі келмей отырған кім?

2015 жылғы 24 Желтоқсан
- Қостанай облысы
11689 просмотров

Қостанайдың жарнама компаниялары билбордқа берілетін жер телімдерін жалдау мерзімін бес жылға ұзартуға қол жеткізбекші. Бұл тұрақты клиенттер тартуға, табыс пен бюджетке қосымша түсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Репако» ЖШС директоры Наталья Булатова Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында түйткіл жайлы хабарлады. Ол Палата және облыстық билік өкілдерінің назарын Қостанайдың сыртқы жарнамаға жерді бар-жоғы екі жылға бөлетін жалғыз өңір болып қалып отырғанына қайта аударды.

«Біздің клиенттеріміз болып табылатын ірі компаниялар шарт жасамай тұрып, бізден жер телімін ресімдеуге құжаттар талап етеді. Бізде бірнеше жылға тұрақты кепілдік жоқ болғандықтан, олар жарнаманың басқа салаларына кетеді. Бұл бюджетке алымның үлкен ысырабына алып келеді. Қазір оны тірнектеп жинап жатқанда, кәсіпорындардағы кассаларға мониторингтер жүргізіліп жатқанда, бұл жарнама бизнесінің дамуына жол бермеу, демек, бюджет қаражатының түсіміне қарсы келу», - деп мәлімдеді Наталья Булатова.

Ол сонымен қатар 2014 жылы дәл осы Палата көмегімен жарнама компанияларының экс-қала басшысының жарнама конструкциялары үшін телімдерді жалдауына жариялаған «мораторийінің» күшін жоюға қол жеткізілгенін атады. Оның үстіне, кәсіпкерлерге жаңа типтегі жарнама конструкцияларын (скройлер) орнатуды және аялдама павильондарын жеке есептерінен ұстауды міндеттемекші болған.

«Палата сарапшылары, оның басшысына, облыс прокуратурасына шексіз алғыс білдіргім келеді. Олар бірге жүріп, осы шешімнің күшін жоюға көмектесті. Алда қиындығы кем түспейтін екінші раунд күтіп тұр. Жалдау мерзімін қалай да созуға қол жеткізетінімізге сенемін», - деп атады Наталья Булатова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер