«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Бизнес міндеттеме алды

2016 жылғы 06 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
8414 просмотров

Ақтөбелік кәсіпкерлер өнім бағасын көтермеуге және қаланы өз өнімімен қамтамасыз етуге уәде беруде

Жаңа, 2016 жылдың алдында қала әкімдігі 24 ірі бөлшек сауда кәсіпорнымен, азық-түлік базары және жергілікті өндірушілермен меморандум жасасты. Келісім әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыруға, қалалықтарды қолжетімді бағадағы сапалы тауарлармен қамтамасыз ету жөніндегі өзара ынтымақтастық механизмін орнатуға және жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға арналған.

«Дағдарысқа қарамастан, елде бюджет саласындағы қызметкерлер еңбекақысы көтерілуде. Алайда бағаның көтерілуі, инфляция олардың табысын жеп қоймауға тиіс. Біз меморандумға бағаны бір деңгейде ұстап тұру үшін қол қойып отырмыз», - деп атады қала әкімі Бекбол Сағын.

Ақтөбе басшылығы бизнес өкілдерімен кездесу барысында «Анвар» және «Дина» сияқты қаладағы ірі тауар желілерімен меморандумдар жасасты. Супер және гипермаркеттерде отандық өндірушілердің әлеуметтік маңызы бар 33 жайғасымына 10 пайыздан аспайтын сауда үстемесі қолданылатын боалды. Бұл шарт, дүкендер сөрелерінде отандық тауарлар болмаған жағдайда, басқа да өндірушілер мен жеткізушілерге қатысты болады. Отандық және басқа да өндірушілер жеткізген картоп пен көкөніс өніміне деген сауда үстемесі 15 пайыздан аспайды. Нәтижесінде тұтынушылар пайда көреді.

Жергілікті тауар өндірушілер - «Рамазан», «Ново-Әлжан диірмен комбинаты», «Тау» агрофирмасы» ЖШС, жылыжай шаруашылықтары мен ет өндірушілер Ақтөбенің ішкі нарығын өз өнімдерімен қамтамасыз етудің басымдылықты тәртібі жайлы міндеттемені мойындарына алды.

Орталық базар, «Алтай», «Әнуар», «Арай», «Табыс» коммуналдық базары және «АгроОптСервис» көтерме базары жалгерлер үшін қызметтердің негізсіз көтерілуіне жол бермеуге және оларды жергілікті тауар өндірушілерге басым тәртіпте беруге уәде беруде.

Жергілікті атқару органдары, өз кезегінде, әлеуметтік жауапты кәсіпкерлердің барлық бастамаларына ақпараттық қолдау көрсетіп, жергілікті тауар өндірушілер өнімін ішкі нарыққа, соның ішінде қала дүкендеріне өркендетуге жәрдем беретін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер