«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Бизнестің жол картасы – бағдар ретінде

2016 жылғы 18 Қаңтар
- Ақмола облысы
11698 просмотров

Ауылдық кәсіпкерлердің бизнес-бастамалары ынталандырылуда

«Бизнестің жол картасы‑2020» Бағдарламасы Жақсын ауданындағы көптеген кәсіпкерлер үшін сенімді серік болып отыр. Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы өңірлік бизнес‑қоғмдастық пен кәсіпкерлік бастамаға ие тұрғындар арасында белсенді консультативтік‑түсіндіру жұмысын жүргізіп жатқанын атап өту керек.

Айтарлықтай қолдау алғандар арасында Жақсын ауданындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығына шағын бизнеске кредит беру мәселесімен жүгінген жеке кәсіпкер Ольга Хажбатырова да бар. Атап айтқанда, ол әрекет етіп тұрған «Айдана» сауда‑саттық дүкенін кеңейту мәселесімен келген еді.

Өтініш иесіне мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары бойынша консультация берілді. Бұл жағдайда біршама төмен пайыздық мөлшерлеме ұсынатын «БЖК‑2020» ол үшін оңтайлы болып шықты. КҚО консультанттары құжаттардың қажет тізбесін жинауға көмектесіп, Атбасар қаласындағы екінші деңгейдегі банк «Қазақстанның Халық банкі» АҚ ең жақын орналасқан филиалымен келіссөз жүргізді. Сонымен бірге ӨКП филиалының сарапшылары бастамасымен әрекеттегі бизнесті зерттеу және одан әрі кредит беру үшін банктің кредиттік менеджері шақырылып, ол аталмыш мәселе бойынша алдын‑ала оң қорытынды берді. Бұдан кейін «Қазақстанның Халық банкі» АҚ облыстық филиалына жеке кәсіпкер үшін кредиттік ресурстың қажеттігі жайлы сұраныс жіберілді. Жақында кепілдемелік мүлікті бағалау белгіленіп отыр, алайда Палата сарапшылары істің аяғын болжап та қойыпты: бизнесвумен бизнесті кеңейту үшін, жабдық және автокөлік сатып алуға шамамен 22 млн.теңге қарыз алуға тиіс.

«Бизнестің жол картасы-2020» - шын мәнісінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қаржылай және бейқаржылық қолдау құралдарынан тұратын бірегей жүйе. Жаңа іс ашатын немесе әрекеттегі бизнесін кеңейтуші кәсіпкер кредит бойынша пайыздық мөлшерлемеге субсидия ала алады, сонымен бірге ауылдық жерде де», - деп баса көрсетті ӨКП Жақсын филиалының директоры Әсел Құсайынова.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер