«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

ШОБ vs Ірі бизнес

2016 жылғы 12 Ақпан
24112 просмотров

Қазақстандық бизнестің негізін ЖК түріндегі шағын кәсіпорындар, шаруа қожалықтары және заңды тұлғалар құрайды

ШОБ пен ірі бизнес: қайсысы үлкен?

Қазақстанда кәсіпкерлік қызметімен айналысып жүрген барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды алып қарасаңыз, олардың 72%-ы жеке кәсіпкерлердің (ЖК), 14%-ы шаруа және фермер қожалықтарының (ШҚ), 13,6%-ы – шағын кәсіпорындардың (ШК) үлесіне тиесілі. Ал, ірі кәсіпорындардың (ІК) үлесі бар болғаны – 0,1%.

 

Басқаша айтсақ, қазақстандық бизнесті саны жағынан алып қарағанда негізінен жеке кәсіпкерлік түріндегі шағын кәсіпорындар, шаруа қожалықтары және заңды тұлғалар құрайды.

Сонымен қатар, егер 2015 жылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті (ШОК) саны жағынан 2014 жылмен салыстырып қарасақ, жұмыс істеп тұрған ШОК саны –2,3%, ал тіркелушілер –7,6% төмендегені байқалады (кестені қараңыз).

Кесте. 2014-2015 жыдардағы ШОК субъектілерін санын салыстыру.

 

01.01.2015

01.01.2016

Динамика (төмендеу)

Тіркелеген ШОК субъектілері

 

1 655 980

1 530 341

-7,6%  (-125 639)

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері

 

1 319 761

1 289 683

-2,3%  (-30 078)

 

ШОБ-тың экономикаға қосқан үлесі

Қазақстандағы ШОБ субъектілерінің санының көптігіне қарамастан, елдің ІЖӨ-не орасан зор үлесті ірі бизнес қосып жатыр. Атап айтқанда, 2014 жылы ІЖӨ-дегі ірі кәсіпорындардың үлесі – 74%, ал ШОБ-тың үлесі – 26% болды.

Салыстыру үшін айтар болсақ, ЭЫДҰ дамыған елдерінде ШОБ суъбектілерінің ІЖӨ-дегі үлесі 50% деңгейді көрсетеді. Бұл деген сөз, ШОБ-тың экономикаға берер үлесі бәрібір жоғары деңгейге көтерілмейді. Экономика шикізат саласында жұмыс істейтін ірі компаниялардың жұмысына тәуелді болып қала береді.   

2015 жылдың қорытындысына қарасақ, ШОБ-тың көп бөлігі сауда және құрылысқа бағытталғанын көреміз. Яғни, тұрақты жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің 24,7%-ы саудамен, 14,2%-ы құрылыспен айналысады.

ШОБ өнімдері

ШОБ субъектілерінің 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шығарған өнім көлемі 10 558,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілері – 6 601,7 млрд. теңгені (62,5%) құрады,
  • орта кәсіпкерлік субъектілері – 2 260,6 млрд. теңгені (21,4%) құрады;
  • жеке кәсіпкерлік – 1 132,3 млрд. теңгені (10,7%) құрады;
  • шаруа (фермерлік) қожалығы –  564 млрд. теңгені (5,3%) құрады.

2014 жылғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда ШОК шығарған өнім көлемі (салыстырмалы бағада) 0,7%-ға өскен.

ШОБ – бұл Қазақстандағы еңбек ететін халықтың 37%-ы. 

ШОК-пен айналысушылар жыл санап өсіп келеді. 2015 жылдың үш тоқсанындағы қорытындыға сүйенсек, ШОК-те жұмыс істейтіндер саны 3 214,9 мың адамды құраған, яғни өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 6,3% өскен. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар – 12,5%-ға (1 108 мың адам), орта кәсіпкерлікпен айналысатындар –12,9%-ға (352 мың адам) өскен.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы халықтың 37%-ы орта және шағын бизнес саласында жұмыс істейді.

Мәліметтер «Атамекен» ҰКП Стратегиялық талдау және даму департаментінде дайындалды


Еншілес ұйымдар

Серіктестер