«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайға инвесторлар қаржы құяды

2016 жылғы 15 Ақпан
- Қостанай облысы
11086 просмотров

Қостанай облысындағы 9 инвестициялық жобаны іске асыру үшін, ресейлік және қытайлық инвесторларды тарту көзделуде

Бұл туралы Қоғамдық кеңес алдында есеп берген аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов хабарлады.

Оның айтуынша, ресейлік бизнес өкілдерімен полиграфиялық өндіріс ашу, жабық жерде жылыжай кешенін салу, керамикалық плита өндіретін зауыт құрылысын салу туралы келіссөздер жүргізілуде.

«Қазақстан-Қытай өкілдерінің кездесуі аясында табиғи газды сығымдау кешені, темірді ыстық брикеттеу өндірісіне арналған зауыт құрылысын салу туралы алдын-ала келісімдерге қол жеткізілді. Зығыр және өзге де ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру, өңдеу мен сату жобасы жасалуда»,– деп мәлімдеді Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ, өткен жылы тамыз айында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен қытайлық «ChinaMachinerycompany и JAC Motors» компаниясының арасында стратегиялық әріптестік және қазақстандық ұлттық автомобиль брендін дамыту туралы Келісімге қол қойылған. Оның мақсаты еліміздің машина жасау саласын дамыту.

«Аталған Келісімнің аясында «СарыарқаАавтоПром» ЖШС» қытайлық JAC Motors компаниясымен бірге ұсақ торапты әдіспен JAC көліктерін өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.  JAC  көлік кешендерінің алғашқы тапсырысына қажетті 5 млн. АҚШ долларын СМС компаниясы бөлді. Барлығы 40 млн. АҚШ доллары нвестицияланады деп күтілуде. Технологиялық жабдықтарды жеткізу мен орнату  2016 жылдың маусым-шілде айларына жоспарланып отыр»,– дейді Архимед Мұхамбетов.

Әкімнің сөзіне қарағанда, автокомпоненттерді шығаратын өндірісті ұйымдастыру мәселесіне байланысты келіссөздер жүргізілуде. «Әрине бұл жобалардың барлығы да биыл жүзеге асады деп айта алмаймын. Бұл таяу болашақта шешілетін мәселе»,– деп атап көрсетті өңір басшысы.

Қостанай облысындағы Қоғамдық кеңес ҚР Президентінің бас институционалды реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру аясында құрылған болатын.  Жаңа кеңестік органды  Қостанай облысы аймақтық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі, «Қарқын» Агрофирма» ЖШС жетекшісі Сайран Бұқанов басқарды. Кеңестің құрамына облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов та кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер