«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық кәсіпкер «жасартатын эликсир» ойлап тапты

2016 жылғы 29 Ақпан
- Қостанай облысы
13186 просмотров

Қостанайлық жас кәсіпкер бидайдың түбірі мен сабақтарынан сусын жасаудың сырын ашты

Таяуда ол пайдалы сусын шығаратын жеке меншік өндіріс ашуды көздеп отыр.

Бидайдан байытылған шырын шығару идеясы жаңалыққа жатпайды деп есептейді Константин Невзоров, ол шетелде бұрыннан өндіріледі. Алайда Қазақстанда сусынды тек шетелдік дилерлер ұсынып келеді. Отандық өнім шығаруға осы мәселе түрткі болды.

«Шетелдік өндірушілердің сусыны көбінесе жемшөп астығынан жасалады. Өзіміздің керемет бидайымыз барда, одан пайдалы шырын алу қолымыздан келетін болса, сырттан сатып алып қайтеміз»,–дейді Константин.

Бүгінде ол өз үйінде және қостанайлық диірмендердің зертханаларында жүргізген ғылыми тәжірибелерін аяқтады. Енді технологияларды жетілдіруге күш салуда.

«Шырынның екі түрін дайындаймыз. Бидайдың түбірінен және оның сабақтарынан жасалатын шырындар. Бұл өте нәзік, әрі көп еңбекті қажет ететін процесс. Бір қате кетсе – көгерген зең пайда болып, төгуге тура келеді. Бидайды гидропонды әдіспен өсіремін, сабағы 15 сантиметрге жеткен уақытта ғана сусын ала бастаймын. Кезінде диірменге келген түрік, италияндық технологтардан кеңес алған болатынмын. Олардың процесі қызығушылығымды оятты. Қазір технологияны түсіну үстіндемін, әрі қарай істі жолға қоймақшымын»,– деп атап өтті жас кәсіпкер.

Сусынның ең басты артықшылығы оның пайдалы қасиеттері болып табылады. Сол үшін Константин өз туындысына «жасартатын эликсир» деген атау берді. Кәсіпкер бидайдан жасалған шырынның тіпті аз мөлшерінің адам ағзасына көп пайда әкелетіндігін алға тартады.

«Отыз миллиаграмм сусын дәрумендерге деген тәуліктік қажеттілікті өтейді. Оның құрамында қатерлі ісік ауруларының алдын алуға көмектесетін В17 тәрізді сирек кездесетін дәрумен бар. Осы тақырып бойынша медициналық зерттеулер де бар, сондықтан оның пайдасы туралы сенімді түрде айтуға болады. Бидай шырыны отадан кейін денсаулықты қалпына келтіруге көмектеседі, ал оны тұрақты түрде пайдаланса, ағза жасара түседі»,–дейді Константин.

Жігіттің бизнесті жүргізу бойынша практикалық білімі бар, ол Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының резиденті болып табылады. Кезінде ол дәл осы жерде мотивациялық тренингтерден өтіп, кейін делегат ретінде Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің форумына қатысып, тәжірибесі мол әріптестестері тарапынан қолдау тапқан болатын.

Константин жобаны іске қосу үшін қомақты қаржы қажет емес деп есептейді. Білімді де үнемі жетілдіріп отыру керек. Қандай жағдай болмасын, жас кәсіпкер қостанайлықтардың бірнеше айдан кейін пайдалы сусынның дәмін татып көретініне сенімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер