«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Атамекен» ұсынысын әкімдік қолдады

2016 жылғы 02 Наурыз
12599 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерге арналған бағдарламаны қолға алды

Құрылу үстіндегі немесе жаңадан құрылған компаниялар, сондай-ақ жаңадан кәсіп ашқан кәсіпкерлер өз бизнесін мемлекеттің қаржылық қолдауы арқылы бастай алады.

Бұл туралы Астанадағы III жыл сайынғы кәсіпкерлер конференциясы барысында астана әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді. Бұл тұста ол аталған ұсыныс «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасы екенін еске салды. «Кеше біз «Атамекен» ҰКП төрағасымен әңгімелестік, оның барысында ол осы ұсынысты айтты. Қала әкімдігі Палата басшысының идеясына қолдау білдірді. Бүгінгі күні біз стартап жобаларды қолдау үшін 1-2 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлуді қарастыратын, жас және салалық ерекшеліктерге шектеу қойылмайтын жаңа бағдарламаны қарастырып отырмыз», – деді Ә. Жақсыбеков.

Астана әкімі бағдарламаның егжей-тегжейі «Даму» қорының басшылығымен талқыланып қойғанын жеткізді. «Егер біз бір миллиард (ред. – теңге), «Даму» бір миллиард бөліп, ол нәтижелі болса, онда жыл ішінде тағы бір миллиард бөлетін боламыз», – деді елорда әкімі.

Әділбек Жақсыбеков жаңа бағдарламаның «Атамекен» палатасымен бірге жүзеге асырудың маңызы зор екенін атап айтты.

«Біз бағдарламаны дәл «Атамекенмен» бірге іске асырғымыз келеді және бұған аса жауапкершілікпен қарау керек. Стартап дегеніміз шын мәнінде өте маңызды іс, ол жақсы сарапшылар мен жақсы жобаларды қажетсінеді. «Атамекен» тарапы іс жүзінде іске асыруға болатын жобаларды табу, қолдау, ұсыну жөнінен көмек береді», – деп түйіндеді Астана әкімі.

ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Астанадағы бизнес-климаттың шынымен қолайлы екенін айтты. «Бұл жергілікті билік, бизнес-қоғамдастықтар мен Кәсіпкерлер палатасының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі», – деді ол.

«Республика бойынша стартаптарды қолдау жөніндегі жұмыстар басталып кеткенін білемін. Олардың қарқыны да жаман емес. Бізде мұнымен Астана өңірлік палатасы айналысатын болады», – деп қосты Тимур Құлыбаев.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер