«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жарнамаға арналған жер: мерзімдер ұзартылды!

2016 жылғы 11 Наурыз
- Қостанай облысы
12464 просмотров

Қостанайдың жарнамалық компаниялары билбордтарға берілетін жер телімдерін жалға алу мерзімін ұлғайтуға қол жеткізді

Енді жер телімдері бес жылға жуық уақытқа берілетін болады. Бұл шешім таяуда қалалық әкімдіктің жер комиссиясының отырысында қабылданды. Билік ұзақ жылдар бойы жалға алу мерзімін ұзартуға қарсы болып келді, соның салдарынан кәсіпкерлер орасан зор шығынға батты. Олар әлсін-әлі сол баяғы бір құжаттар пакетін жинайтын және келісімшарттарды қайта жасауға тура келетін, ал ең бастысы, жарнама орналастыруда ұзақ мерзімдік кепілдіктердің жоқтығына наразы болған көптеген ірі жарнама берушілер ынтымақтастықтан бас тартты. Оған қоса, Қостанай билбордқа арналған жерді бар болғаны бір жылға беретін Қазақстандағы жалғыз қала еді.

2014 жылы аталған проблемаға Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасы араласты. Сарапшылар облыстық прокуратурамен бірлесіп мәселенің шешімін табуғы тырысты, бірақ, әкімдіктің атына жазылған  неше түрлі хаттарға қарамастан, шенеуніктер табандылықпен қарсыласа берді.

Бұл проблема 2016 жылдың ақпан айында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес шеңберінде тағы да көтерілді.  Сонымен бір уақытта бас тартудың құқыққа қайшылығы туралы мәселе сот тәртібімен шешілді.

«Сонымен, сот жер телімдерін 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана беруді заңсыз деп тапты. Жер комиссиясының құрамына кіретін біздің өкіліміз де мерзімдерді ұзартуды талап етті. Соңғы отырыста жарнамаға берілетін жер телімін жалға алу мерзімі кәсіпкерлердің өзі сұрағандай, төрт жыл он бір айға дейін ұзартылды», – дейді Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасының құқықтық қолдау бөлімінің бастығы Ренат Дәулетпаев.

Өткен жылы Кәсіпкерлер палатасы облыстық сотпен бірлесіп, жарнама компанияларына өздерінің заңды құқықтарын қорғап қалуға көмектескенін еске салып өтеміз. Атап айтқанда, қалалық әкімдіктің бизнесмендерге жаңа типтегі жарнамалық конструкциялар орнатуға (скроллер) және аялдама павильондарын өз қаражаттары есебінен ұстауға міндеттеуін сот тәртібімен жойған болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер