«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Күрделі, бірақ маңызды

2016 жылғы 25 Наурыз
10322 просмотров

Мәжіліс депутаттары бірыңғай кедендік және салық кодексін түзудің маңызды процесс екенін атап өтті

Бүгін Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында Президент Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға бірыңғай кедендік және салық кодексін жасауды міндеттеді. Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің пікірінше, бұл өзекті тапсырма. «Бұл жұмыс, алдымен, уәкілетті органдарға қатысты екені түсінікті. Бүгінде бұл қызметтер бірыңғай комитетке біріктіріліп, олардың арасында үйлестіру жүріп жатыр», – деді мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, Азат Перуашев кедендік және салық саясатының болжамды біріктіру жұмыстары анау айтқандай оңай шаруа емес екенін атап өтті.

«Менің ойымша, бұл айтарлықтай қиын болады. Өйткені салықтық және кедендік алымдар қазыналық болғанмен, әдіснамасы әртүрлі. Бүгінде олардың мәліметтер базасын, солар бойынша ақпараттар ағынын үйлестіру мәселелері туындауда. Бұл ауқымды іс, бірақ ештеңе етпейді, атқарамыз», – деп пікір білдірді депутат.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер