«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Игорь Шацкий: «Балық аулау кәсібінде жағалаудағы елді мекен тұрғындарының рөлін түбегейлі арттыру қажет»

2016 жылғы 28 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
10777 просмотров

Балықшы-кәсіпкерлер бірлестігі оларға заң аясында өз ісін жүргізуге мүмкіндік бермек

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкийдің айтуынша, дәл осы жергілікті балықшылар табиғатты пайдаланушыларға кәсіптік жер телімдерін бекіту бойынша өткізілетін байқауларға тікелей қатысуы керек.

«Балықшылардың басым көпшілігі жалдамалы тәуелді жұмысшы емес, толыққанды табиғат пайдаланушылары болуы керек, әрбір іс сауатты түрде ұйымдасуы тиіс. Табиғат пайдаланушысы болғың келсе, жеке кәсіпорын аш, қайықты, кемені, өзге де мүлікті заңдастыр, салықтық есеп жүргіз», – деді ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Виталий Чернецкийдің айтуынша, бүгінгі таңда әкімдік олардың өздігінен жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасап отыр, тұрғындарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, кооператив құру үшін, болашақта балық шаруашылығы тоғандарын бекіту бойынша байқауға қатысып, балық аулау үшін берілетін жеке лимит алуда көмек көрсетіледі.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қажетті инвентарь (қайықтар, аулар, тоңазытқыш құралдар, қайта өңдеуге арналған жабдықтар) алу үшін микронесиелер беруге қаражат бөлінуде.

Балық шаруашылығы жер телімдерін тек қана байқау негізінде бекітуді қарастыратын әлеуетті қатысушылардан тым жоғары шарттарды талап ететін ережелер бар.

Алайда бүгінгі күні балық шаруашылығы тоғандарын бекітуге арналған байқаулар бірқатар қиындықтарға тап болуда, себебі қолданыстағы Ержелердегі байқау қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптары тым биік.

«Біз облыс әкімдігімен бірлесе отырып қолданыстағы заңнамаға талдау жасап, балық аулауға арналған жер телімдерін бекіту байқауларын өткізу Ережелеріне өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныстар даярладық. Олар қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі деңгейінде қаралуда», – деді Игорь Шацкий.

Туындаған қиындықтарға қарамастан, Тарбағатай ауданында 60 жеке кәсіпкер кооперативке бірігіп үлгерген. Бұл жергілікті еңбек адамдарының өз жер телімдерінде жауапты қожайын болғысы келіп, кепілдендірілген жұмыс орнына ие болғысы келетінінің белгісі. Көкпекті, Күршім, Зырян аудандарында осыған ұқсас тағы үш кооператив ашу жоспарда тұр.  

Бүгінгі күні өңірде дәстүрлі балық аулау кәсібімен айналысатын жағалауда орналасқан шамамен 18 елді мекен бар. Балық аулау кәсібі ауыл тұрғындарының негізгі және көп жағдайда жалғыз табыс көзі саналады. Алайда тұрғындар өз наразылығын танытып отыр. Тек қана ірі компаниялардың қолынан келетін, тым жоғары біліктілік талаптары себебінен шағын және орта бизнес өздігінен балық шаруашылығы тоғандарын бекіту байқауларына қатысу мүмкіндігінен айрылып отыр. Осыған байланысты жергілікті тұрғындардың өздігінен балық аулауға құқығы жоқ, өзгеге кіріптар болып отырған олар өнімдердің сатылым бағасын анықтау құқығынан айрылған. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер