«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері: заң қабылданды, мәселелер қалды

2016 жылғы 14 Сәуір
- Қостанай облысы
11972 просмотров

Ауылшаруашылық кооперативтерінің қатысушылары қандай жеңілдіктер алады, олар кооперативке кіргеннен соң қандай дәрежеге ие болады және жеңілдікпен берілетін субсидияларға иек арта ала ма?

Осы және өзге де мәселелерді қостанайлық кәсіпкерлер Қазақстан фермерлерінің одағы төрағасы Әуезхан Дарыновпен және «Атамекен» ҚР ҰКП АӨК және тағам өнеркәсібі комитеті хатшылығының басшысы Рүстем Құрмановпен өткен кездесу барысында жеткізді.

Көшпелі отырыс Кәсіпкерлер палатасында өтті. Аудандардағы аграрийлер әңгімеге селекторлық байланыс арқылы қосылуға мүмкіндік алды, қатысушылар болса бұл мүмкіндікті бос жібермеді. Кәсіпкерлерді қызықтырып отырғаны да ауылшаруашылық кооперативтеріне енудің тиімділігі.

«Кооперативтер салықтың  бес түрі бойынша 70%-дық жеңілдіктер алады, сонымен бірге субсидиялау бойынша да басымдыққа ие. Мысалы олар бірінші кезекте дәл осы субсидияларға иек арта алады. Сонымен бірге, егер бұған дейін тек заңды тұлғалар ғана кооперативке біріге алған болса, енді шаруа қожалықтары да, қосалқы шаруашылықтар да ене алады. Мұнда демократия қағидасы жүмыс істейді, кооперативтің әрбір мүшесінің пікірі есепке алынады, ал шешімді көпшілік шығарады», – деді Рүстем Құрманов.

Бірігуден келер пайда көп екенін аграрийлердің өздері де айтып отыр. Алайда жеке бас мүддесі аяққа тапталмай ма деген сұрақ туындайды.

«Қазір мен ШҚ басшысымын. Жерімді кооперативке енгізгеннен кейін мен мұның бәрінен айрылып, тек кооператив мүшесі ретінде жалақы алып қана отырамын ба? Олай болса мен үшін зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды кім жасайды?», – деген орынды сұрақ қойды Әулиекөл ауданындағы шаруа қожалығының басшысы Әбу Гучигов.

Осы тұрғысында Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері де күмәнді көзқараста. Себебі, егер кооператив бірыңғай жер салығын төлейтін болса, онда ол автоматты түрде салық агентіне айналады да қай кірістен аударым аудару қажет екені түсініксіз болып қалады. Рүстем Құрманов бұған қатысты  жер пайдалану құқығын Ауылшаруашылық кооперативтері қатысушыларының өздері айналып өтуі керек деген ұсыныс тастады, ал облыстық Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Мұрат Әбенов болса заңға мүлікті меншіктен шығармай-ақ кооперативке кіру мүмкіндігін қарастыратын өзгерістер енгізу дұрыс деп санайтынын айтты. Кездесуде гербицидтер сатып алуды жеңілдікпен субсидиялау туралы да айтылды. Мәселе кооператив қатысушыларының осы нормаға сеніп артып отырғанында, алайда ережелердің қазіргі жобасында былай деп айтылған: оны (ред. – жеңілдетілген субсидияны) тек тауар өндірушілер ғана жекелеген тәртіп бойынша ала алады. Палатадағылар ереже жобалары қолдау тапса, онда тиісті өзгерістер енгізіледі деп мәлімдеді.

Бұдан басқа, аудандардағы кәсіпкерлер ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді сатып алу процедурасы, ауылшаруашылық техниканы сатып алу кезіндегі субсидиялар, Ауылшаруашылық министрлігінің егу кезінде алғашқы шабындағы тары дәндерін қолдану міндеттемесі бар улы химикаттар мен тыңайтқаштарды субсидиялауды тоқтатуға қатысты сұрақтар қойды. Сұрақтардың әрқайсысы назарға алынды. Олардың ішіндегі өзекті дегендері келесі аптада ҰКП алаңында тікелей Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің қатысуымен талқыланатын болып шешілді.  

«Біз өңірлерге баяндама жасау үшін емес, шынымен де сіздерде бар проблемалардың барлығын анықтау үшін барамыз. Бұл тұста бізге Ұлттық палата мен Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдау көрсетті. Сондықтан осында айтылған мәселелердің бәріне хаттама жасалып, оларды шешу үшін салалық инстанцияларға жеткізетін болады», – деді Қазақстан фермерлер одағының төрағасы, «Атамекен» Палатасының Төралқа мүшесі Әуезхан Дарынов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер