«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық тасымалдаушылар наразылық білдірді

2016 жылғы 22 Сәуір
- Қостанай облысы
10309 просмотров

Көлік инспекциясының қызметкерлері тасымалдаушылардың құжатын тартып алып, кәсіпорындардың рейстеріне кедергі келтіріп отыр

Кәсіпкерлер лауазымды қызметкерлердің үстінен Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасына шағым түсірді.

«Азат и Д» компаниясында осындай жағдай болған. КамАз-бен келе жатқан жүргізуші Меңдіқара ауданынан облыстық орталыққа бидай әкеле жатады. Бірақ рейс медициналық тексеруден өте алмаған. Инспекция қызметкерлері фирмаға хаттама толтырып, жүргізушінің техпаспортын тартып алады. Тек бес күннен кейін айыппұл белгілеп, қайтарыпты. Осы уақыт бойы КамАЗ тектен тек тұрған.

Фирма шағым түсірген соң кәсіпкерлер палатасы инспекция қызметкерлері әкімшілік заңнаманы бұзғанын айтты. Бұл мәселе облыстық прокуратурадағы кәсіпкерлердің құқын қорғау кеңесінде сөз болды.

«ҚР Әкімшілік Кодексінің 799 бабы бойынша, әкімшілік заң бұзу кезінде лауазымды қызметкер заң бұзуға себепші құжатты не мүлікті тәркілеуге құқы бар. Аталған жағдайдағы көлік ондай тіркеуге жатпайды. Жүргізуші басын алып қашқан жоқ, өндірісті жүргізуге қарсылық білдірген жоқ», – деді Облыстық кәсіпкерлер палатасының құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Ренат Давлетпаев.

Дәл осындай жағдайлар бір жыл бұрын да болған. Ол кезде үш қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Палатаның шағымынан соң бәрі реттелгенімен, жағдай тағы да қайталанып тұр. Және инспекциядағылар өз ісін заңды деп айтады.

«Сіздерше, техникалық құжатты тартып алуға, мемлекеттік нөмірді шешіп алуға болады. Солай болсын делік. Бірақ кәсіпкердің уақыты тығыз ғой. Біздің өңір аграрлы аймақ. Егін егу, тасу науқаны. Хаттаманы толтырып, құжаттарды кәсіпкерге неге қайтара салмайсыздар? Ол басқа жүргізушіні жұмсай қояды. Кәсіптің шығыны көбейіп кетпесін. Негізгі мәселе осы да ғой», – деді Қостанай облыстық өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Сәдуақасов.

Айтпақшы, соңғы екі жылда өңірлік палатаға шағым түсірушілер арасында дәл осы көлік инспекциясы қызметіне наразылар көп. 2014 жылы мұнда шағымдар 5% болса, 2015 жылы 12%-ды құрап отыр.

Нәтижесінде кеңес облыстық прокуратураға бұл істі қарастырып, инспекцияға қатысты түсіндірме акт жасауын талап етті. Сол инспекцияның өзінде қызметкерлер арасында әкімшілік заңнамаға қатысты құқық бұзушылыққа қатысты заңды бұзбауды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер