«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Күн тәртібінде – мақта бағасы

2016 жылғы 29 Сәуір
- Ақтөбе облысы
8342 просмотров

Мақта талшығына трансферттік баға белгілеу ережелері (әдістемелері) бекітілді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен мақта талшықтарын экспорттауда нарық бағасы туралы дереккөзді таңдау мәселесі көтерілді.

Бұл мәселе ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірлесуімен пысықталды. Енді міне, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі №255 бұйрығымен мақта талшығына трансферттік баға белгілеудің тиісті әдістемесі бекітілді. Агроөнеркәсіптік кешен департаментінің сарапшылары үш жыл бойы салық органдарының мақтаны Ресейге экспорттаумен айналысатын бірнеше ұйымдарға қаржы есептеуіне байланысты жұмыс істеген.

Бұл әдіс, алдымен, мақта талшығының нарықтағы бағасына тиісті дереккөзін таңдауға және пайдалануға қажет. Оны салық инспекторлары тексеріс жүргізу барысында қолданады. Мәселенің мәні мынада, бағалық дереккөзі дұрыс таңдалмағандықтан және есептеу әдістемесінің жетілдірілмегендігінен (мақтаны ТМД елдеріне тасымалдауда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бағасы қолданылады), бұрынырақ тексерілген субъектілердің жоқ табысына миллиондаған айыппұл есептелетін. Мұның барлығы кәсіпкерлерді банкротқа ұшыратып, мақта саласындағы инвестициялық климатты нашарлатып жіберді.

Айта кетерлігі, салықтық тексеруден кейінгі негізсіз есептеулердің салдарынан мақта саласындағы инвестиция жылыстаған. ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, 2015 жылы мақта өндірісі 2014 жылмен салыстырғанда 22%-ға қысқарған. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер