«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Заңсыз тасымалға жол жоқ!

2016 жылғы 06 Маусым
- Қостанай облысы
10050 просмотров

Қостанайда жыл басынан бері жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін 66 жүргізушіге айыппұл салынған

Жеке тасымалаушыларға қарсы жүргізілген шаралардың қосымша нәтижелері осындай.

Арнайы рейд жүргізуге облыс әкімдігі бастама көтеріп отыр. Оған жол полициясы, прокуратура, көліктік бақылау инспекциясы, Көлік жолаушылары кәсіпорындарының қауымдастығы мен Кәсіпкерлер палатасы қатысуда. Таксомотор және автобус фирмаларының басшылары бастаған ресми тасымалдаушылар көптен бері жекеменшік таксистер тарапынан орын алған әркелкі бәсекелестікке шағымданып келеді. Олардың айтуынша, жеке тасымалдаушылар клиент тарту үшін бағаны түсіріп, табыстан қағып отырған көрінеді. Ал, ең бастысы, олар ешкімге бағынбайды.

«Жеке тасымалдаушылар аялдамаларға келіп, клиенттерді ауданға алып кетеді, оның артынан кесте бойынша келген біздің автобусымыз бос қалады. Біз барлығының жұмыс істеуіне қарсы емеспіз, бірақ таза бәсекелестікті қалаймыз. Неліктен біз тіркеліп, салық төлеуіміз қажет, ал енді біреулер өз бетімен жұмыс істеп, бізге кедергі келтіруі керек»,– деп шамырқанды Қостанай облысы Көлік жолаушылары кәсіпорындары қауымдастығының президенті Алексей Бойченко.

Қауымдастықтағылардың пікірінше, заңсыз тасымалдаушылардың әрекеттері жолаушылар үшін қауіпсіз де емес. Өйткені, рейске шықпастан бұрын, жүргізуші медициналық тексерістен, ал көлік техникалық тексерістен өткізілуі тиіс. Ал, жеке тасымалдаушылардың мұны істемесі анық.

Осы деректердің барлығы тасымалдаушылар әрекетін бақылауды күшейтуге негіз болды. Әр апта сайын Қостанайдың арнайы әкімшілік сотында заңсыз тасымалдаушыларға қатысты істер қаралуда. Осы жылдың басынан бері 92 өндіріс түсіп, 66 адамға айыппұл салынды. Әкімшілік кодекстің баптарына сәйкес берілетін жаза да айтарлықтай қатаң.

«Ескертусіз кәсіпкерлік әрекетпен айналысқан жағдайда 15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Ол жеке тұлғалар үшін 31 815 теңгеге тең. Заңнаманы екінші қайтара бұзса, 30 АЕК айыппұл салынады. Мүлікті тәркілеу сияқты жаза да бар. Алайда, біз бұл шараны қазірше қолданған жоқпыз», – дейді Қостанайдың арнайы әкімшілік сотының соты Сұлтан Жармұхамедов.

Кәсіпкерлер палатасының мамандары, өз кезегінде, тасымалдаушыларға тек қана заңнама аясында жұмыс істеуге кеңес беруде. Осындай мәселелерге тап болмас үшін, ЖК ретінде тіркеліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне такси қызметінің басталғаны туралы ескерту жіберіп, Жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін сақтау қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер