«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Детектор – жалған ақшаны анықтауға қажет

2016 жылғы 08 Маусым
- Қостанай облысы
11005 просмотров

Қостанайлық кәсіпкерлерге ақша белгілерін тексеруге арналған детекторлар сатып алуға кеңес берілуде

Бизнесмендерде мұндай құрылғының болмауы өңірде жалған ақшаның таралуына түрткі болып тұр, деп мәлімдеуде Мемлекеттік кірістер департаменті.

Осы жылдың өзінде ғана департаменттің Экономикалық тексеру қызметінде ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша жалған ақшаны немесе құнды қағазды дайындау, тасымалдау немесе өткізуге қатысты 37 қылмыстық іс тіркелген.

Тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай, жалған ақшалар қаржылай қаражат детекторы жоқ жерлерден алынады екен. Мынадай деректер де тіркелген. Жалған ақшаны байқаған бизнес субъектілері оларды өз беттерінше жойып жібереді, бұл жалған ақша жасаушыларды анықтауды қиындатады.

«Осыған орай, Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге детекторлар алуға және жалған ақшаларды байқаған жағдайда, бірден Экономикалық тексеру қызметінің кезекші бөліміне 536-580 нөмірі бойынша хабарласуға кеңес береді. Осыған сәйкес ақпаратты аудандағы және моноқалалардағы бизнес субъектілеріне тараттық», – дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық бөлімінің бастығы Ренат Дәулетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер