«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кәсіпкерлердің ұсыныстары ескерілді

2016 жылғы 13 Маусым
9708 просмотров

Бизнесмендердің Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы тұсаукесерінде айтқан ұсыныстары жобаны жетілдіру кезінде есепке алынды.

«АИРИ» ЖШС жобаны жасаушы мамандары демалыс күндерін түскен пікірлерді егжей-тегжейлі қарауға арнады. Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңес мүшелерінің әрбір ұсынысы есепке алынып, белгіленді. Олардың көпшілігі  Кәсіпкерлікті дамыту картасының www.businessnavigator.kz виртуалды  баламасында нақты көрініс табады. Барлық жобаны өз күшімен әзірлеген Инвестициялардың  табыстылығын зерттеу агенттігінің директоры Ерлан Хасенбековтың айтуынша, олар үшін бизнестің берер кеңесі – қазіргі кезеңде көптен күткен және ең маңызды көмек.

«Мен демалыс күндері әдейі Алматыда қалып, авторлар жолдаған ұсыныстармен егжейлі-жұмыс жасадым. Бір айтарлығы, дәл осы Алматыдан көп нәрсе күтеміз, мұнда бизнес өркендеп тұр ғой. Сонымен бірге олар  – Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесі мүшелері, түптеп келгенде, олардың әрқайсысы – ел ауқымындағы қайраткер бизнесмендер. Біз бастапқыда оларға өтініш жасадық, бірақ нәтижесінде уақытты үнемдеп, тікелей байланыс жасауды ұйғардық», – деп айтты Хасенбеков.

Диалог бойынша алматылық кәсіпкерлер Картаға қандай түрде және қалай енгізу жайлы тармақ-тармақ бойынша тарқатып айтты. Ең жақсы және тиімдісі енгізілмек.

«Барлық жоба тек кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін жасалды. «АИРИ» жігіттері жарады, кері байланысқа шықты, қолдады, дән ризамыз!  Алматылық кәсіпкерлер мәселені өз мәні бойынша қояды, сырттай қарағанда, қатты және шамырқана шығатындай, ал жұмыс қорытындысына келгенде өте талапшыл, иә шын мәнісінде Кәсіпкерлер палатасында іс-әрекет ететін өңірлік кеңес мүшелері дәл осындай болуы тиіс, өйткені олар барлық сектордың мүддесін танытып жүр ғой», –деп ой бөлісті Алматы өңірлік кеңестің басшысы Ерлан Стамбеков.

Әріптесінің пікірін Алматы Кәсіпкерлері палатасының директоры Юрий Тілеумуратов та қолдады: «Кәсіпкерлердің «Атамекен» Ұлттық палатасына ең маңыздысы, картаның бизнесімізге нақты көмек тигізуі, іскер жандардың Картаны күн сайын қолдануы, барлығы түгелдей  жұмыс істеуі, тек әдемі немесе қолайлы болып қана қоймай,  ең алдымен қолданбалы бағыты болуы. Алматы кәсіпкерлеріне белсенді бағыт-тұғыры және жобаны жетілдіргені үшін ризашылық білдіреміз».

Кәсіпкерлердің бейресми кездесуі соңында Аймақтық карта өзіне жүктеліп, күтілген үмітті ақтайды, ал әзірлеушілер карта жақын уақытта бизнеске арналып, жұмыс және іс-тәжірибе құралы ретінде өзгертіледі, жетілдіріле береді, жобаға бастапқы жүзеге асу барысында табысқа жетуге деген сенім білдірді. Сонымен қатар тұсаукесер турлар қалалар бойынша жалғастырыла беретіні және «Атамекен» бизнестен әлі талай тұшымды  ұсыныстар күтетіні айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер