«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Газ тарифіне қатысты тыңдалым Атырауда өтетін болды

2016 жылғы 22 Маусым
- Атырау облысы
11831 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы монополистің қоғамдық тыңдалым өткізу туралы шешімін өзгертуге ықпал етті

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының, Атырау облысы әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының және Атырау облысы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ортақ күш біріктіруінің арқасында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының газды тасымалдауға тарифті көтеру туралы өтінімі бойынша қоғамдық тыңдалымның Астанада емес, Атырауда өтетін болды. Бұған дейін жиын Астанада өтетіндігі туралы айтылған еді.

Естеріңізге сала кетсек, жақында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне газды тасымалдауға көрсетілетін қызметтің тарифін арттыру туралы өтінім берген болатын. Ол өтінімде тарифті 5 жылға мына көлемде арттыру туралы сұралған: 2016 жылы – 5 357,20 теңге, 2017 жылы – 5 685,35 теңге, 2018 жылы – 5 763,83 теңге, 2019 жылы – 5 710,16 теңге, 2020 жылы – 5 970,50 теңге. Бүгінгі таңда облыста ҚҚС-сыз 1000м3-ге 1 266,54 теңгеден  уақытша өтемдік тариф бойынша қызмет көрсетілуде.

Бұл ретте монополист қоғамдық тыңдалымның Атырауда емес, Астанада өтетіндігін мәлімдеген еді. Мұны ол ережелерге сәйкес, уәкілетті орган ведомствосы қоғамдық тыңдалым қандай ғимаратта өтетіндігін өзі анықтауға құқылы екендігімен түсіндірді. Бұл жағдай бизнес субъектілерінің де, халықтың да қарсылығын тудырған еді.

«Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі бизнес мүдделерінің ресми өкілі ретінде аталған мәселені шешуге белсенді түрде кірісті. Сонымен қатар, біз осыған қызығушылық танытып отырған тараптармен, яғни кәсіпкерлермен, париялармен, қоғамдық ұйымдармен бірігіп, Ұлттық экономика министрлігіне, ҚР Парламентіне, «Атамекен» ҚР ҰКП-ға, «Нұр Отан» партиясына, облыс басшылығана үндеу жолдадық. Тариф облыс аумағында әрекет ететіндіктен, ондағы біздің негізгі талабымыз қоғамдық тыңдалымды Атырауда өткізу туралы болды», – дейді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиев.

Өңірлік палатаның ұстанымы мынадай: газды тасымалдау тарифін өсіру жылу мен электр энергиясының тарифтерін де қымбаттатуға әкеп соғады. Мұны аталған монополист компанияның басшылары да растап отыр. Соның салдарынан бұл жайт өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына кері әсерін тигізеді, деп есептейді Палата басшылығы.

«Біз өз көзқарасымызды қорғап қалдық. Газ жөніндегі қоғамдық тыңдалым Атырауда өтетіндігі туралы шешім қабылданды. Айта кетерлігі, бұл еліміз бойынша монополист өз шешімін өзгерткен алғашқы жағдай. Енді бизнес субъектілері мен халық қоғамдық тыңдалымға белсене қатысып, осы мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірулері қажет. Біздің ғана күш жұмсауымыз аздық етеді, мұндай маңызды мәселенің шешімін табуға қоғамның да кіріскені қажет», – деп атап өтті Асылбек Жәкиев.

Газды тасымалдауға бекітілетін тария туралы қоғамдық тыңдалым 28 маусым күні сағат 11.00-де Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында өтеді.


Ұқсас жаңалықтар:

Таңертең – газ, кешке – ақша
21 Желтоқсан
2016
Атырау облысы
Атырауда газ тарифтері көтеріле ме?
29 Маусым
2016
Атырау облысы
Монополистерді тоқтатар күш бар ма?
9 Сәуір
2016
Қарағанды облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер