«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Мамандықты мектептен таңдаймыз

2016 жылғы 24 Маусым
- Қостанай облысы
8949 просмотров

Облыстағы бес жүзден астам оқушы жыл басынан бері өңірлік Кәсіпкерлер палатасы өткізген кәсіби бағдар саяхаттарына қатысты 

Отыз бес кәсіпорын болашақ қызметкерлерге есігін айқара ашты.

Палатаның адам капиталын дамыту бөлімі  сарапшылары біраз деректерді келтірді. Бұл арада атап айтары, Қостанай облысы – ең шалғайдағы ауыл мектептерден түлеп ұшуға талпынған оқушыларды саяхатқа апаратын санаулы облыстың  бірі ғана. Бұл балаларды  облыстағы  жетекші кәсіпорындардың әлеуетімен  таныстыруға, жұмысшы мамандығын игеруге деген қызығушылықтарын оятуға  мүмкіндік береді.

Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған сапарлардың бірі, мәселен, Алтынсарин ауданы мектептері оқушыларына арналып өткізілді.  Сегізінші-оныншы сыныптардың оқушылары синтепон, холлофайдер шығаратын, пластик қалдықтарды жинау және қайта өңдеумен шұғылданатын  «S.M.F. – system тоқылмайтын материалдар фабрикасында» болды. Сонымен қатар олар майдың таңдаулы сұрпын шығаратын «Азимут»  ЖШС кәсіпорнын барып-көрді, «Қостанай Полиграфия» ЖШС баспа өнімдерін дайындау құпияларымен танысты.

«Бұлар – білікті қызметкерлерге  сусап отырған, әлбетте, бейінді білімі бар адамдарды тұрақты жұмысқа алуға даяр фирмалар. Саяхатты бірінші басшылар мен олардың бірінші орынбасарлары өткізеді, бұл да бір көрсеткіш. Саяхат үшін алдын-ала сауалнама нәтижелерін іріктеп аламыз, олар мектептердегі  кәсіби кабинеттерде өтеді, шарадан соң кері байланыс сауалнамасы толтырылады. Мақсат біреу – жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, балаларды  нағыз қажетті мамандық алуға бағыттау», – дейді Қостанай облысындағы Палатаның адам капиталын дамыту бөлімі сарапшысы Зарина Көкжанова.

Кәсіпкерлер палатасының  хабарлауынша, өңірде облыс кәсіпорындарындағы кадрлық тапшылықты  жою үшін оқудың дуальдық жүйесі жүзеге асуда. Студенттер  негізгі білімді іс-тәжірибе жүзінде алады. Бүгінгі таңда үдеріске 17 колледж және 92 кәсіпорын қатысады. Облыс дуальдық жүйені 2 жоғары оқу орнына – Қостанай мемлекеттік және Қостанай индустриалды-экономикалық университетіне енгізген жалғыз аймақ болып табылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер