«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ауылдағы темір-бетон бизнесінің тетігін тапты

2016 жылғы 27 Маусым
- Қостанай облысы
10101 просмотров

Федоров ауданындағы жеке кәсіпкер құдықтар мен септиктер орнату үшін темір-бетон сақиналар шығаруды жолға қойды

Өнімге деген сұраныс көбейеді деп кәміл сенеді Дмитрий Кузьминский, өйткені  өткен жылы  аудан орталығында су құбыры тартылған болатын. Цех ашылғалы көп уақыт өте қойған жоқ, алғашқы тапсырыстар да түсе бастады. Бір септик орнатылды, тағы бірнеше жинақ кезекте тұр.

«Көптеген жаңа абоненттер орталық сумен қамтамасыз етуге қосылды, ал су бар жерде артық ағын суды ағызуға қажеттілік туады. Біздің ауданымызда бұл енді ғана қолға алынды. Егер бұрын септиктерге облыс орталығында  тапсырыс берсек, енді мұндайды өзіміз де қолайлы бағамен жасаймыз. Орташа алғанда, тәулігіне 10 жинақ шығара аламыз»,– дейді  бизнесмен.

Алайда кәсіпкер тек құдық сақиналарын шығарумен тоқталып қалмақ емес. Жақын уақытта ол жеке тұрғын үй құрылысына арналған материалдар – іргетас блоктарын, терезе жақтауларына арналған аралықтар шығаруды бастамақшы. Бір сөзбен айтсақ, халыққа не керек, соны шығарады. 

«Адамдар жер сатып алуда, үйлер салуда. Құрылыс материалына қол жетсе, жүздеген шақырым жол жүрудің қажеті жоқ. Қазір шағын бөлме-жайды жалға алдым,  өндіріске жағдай бар. Цех жабдығын «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша 500 мың теңге грантқа алдым. Грант алуға қажет құжаттарды рәсімдеуге Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы көмектесті, есеп беруді дайындауға, бухгалтерия жүргізуде де қолдау көрсетуге уәде берді.   Енді ең бастысы, жұмыс істеп, айналымды арттыру керек», – деді Дмитрий Кузьминский.

2016 жылдың басынан бері Палатаның филиалдары жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ауыл тұрғындарына жеті мың тегін кеңес берген. Олардың 25-і өз бизнесін ашты немесе кеңейтті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер