«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Шешілмейтін түйін жоқ

2016 жылғы 15 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
13131 просмотров

Солтүстік Қазақстан Кәсіпкерлер палатасы құрылғалы бері, оған бизнесті қорғауға қатысты 800-ге тарта шағым келіп түскен, олардың 120-дан астамы биылғы жылдың алғашқы маусымында қабылданған

Шағымдардың төрттен бірі салықтық мәселелерге қатысты болса, өзгелері сәулет және құрылыс, кейбірі табиғи монополиялар субъектілерімен өзара қарым-қатынас, кәсіпкерлер арасындағы даулар, лицензиялау және сатып алуларға қатысты болған.

«Тұтастай алғанда, бизнесті қорғау бойынша Ұлттық палата жүйесіне 2016 жылдың алғашқы маусымында 2 мыңнан астам шағым түсті. Олар көбінесе салықтар, жер қатынастары және сатып алуларға қатысты. Бұдан басқа, Палата заңгерлері жұмысының нәтижелері бойынша, бизнесмендердің мүліктің құқықтары шамамен 33 млрд теңгеге қорғалып қалды», – деп хабарлады «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко бизнес-омбудсмен Болат Палымбетовтың қатысуымен өткен солтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен есептік кездесу барысында.

Сонымен бірге, бизнесмендерде жиі туындайтын проблемалар өңірлік Палата бастамасымен Ұлттық палатаның Кәсіпкерлер проблемалары реестріне енген.

«Атамекен» Палатасының Қоғамдық бақылау және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры Ербол Өстеміров былай деп түсіндірді: «Солтүстік Қазақстан облысы Палатасының бастамасымен Реестрге 17 жүйелі проблема еніп, оның 11-і шешімін тапты, қалғаны шешілуде. 2014 жылдың ақпанында іске қосылған бұл жоба ҰКП сайты – palata.kz-те қолжетімді. Оның қызметі барысында оған 380 жүйелі проблема еніп, олардың 70%-ы оң шешімін тапты».

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі өкілмен кездесуге 90-ға тарта бизнесмен келді. Олардың көбі есептік форумда да, жеке қабылдау кезінде де өз қызметі барысында кездесетін қиындықтар мен кедергілер туралы айтты.

Солтүстік Қазақстанға барған сапары барысында Болат Палымбетов өңір басшысы Ерік Сұлтановпен және облыс прокуроры Степан Зайтлермен кездесті. Бұл сапарда талқыланған мәселелердің дені бизнесті қолдауға қатысты болды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер