«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жиһаз жасау саласын тәртіпке келтіру қажет

2016 жылғы 15 Шілде
13061 просмотров

Импорт алмастыру мен өңдеу өндірістерін тиісті деңгейде тапсырыспен қамту мәселелері – ҚР ҰКП Өңдеу өндірісі комитетінің жиһаз және ағаш өңдеу өндірісі бөлімінің жиынында талқыланды

«Атамекен» Үкіметте өткен екі жиналыстың қорытындысын осылай түйіндеп отыр. Ол жиналыстарда импорт алмастыру мен өңдеу өндірістерін тиісті деңгейде тапсырыспен қамту мәселесін мемлекеттік тапсырыспен квазимемлекеттік сектор арқылы дамыту қарастырылған. 

Жиынның жүргізушісі ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, бүгінгі таңда ішкі нарықта даярланып, сатылатын жиһаз өнімінің көлемі 30%-дан аспайды. Жиһаздың көбі сырттан тасылады.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасарының пікірінше, отандық өндіріс үшін үлкен қолдау болып тұрған сектор ол  – мемлекеттік тапсырыс, балабақшалар мен жалпы білім беретін оқу ордалары. «Палатаға келіп түсетін ақпаратқа сүйенсек, жиһаз индустриясы тапсырысты қалдық есебінде ғана қанағат тұтып отыр. Кейбір мемлекеттік органдар мен субмердігерлік ұйымдар жиһаз өнімі бойынша мердігер ретінде өндірістік қуаты жоқ мекемелерді атайтын жағымсыз тәжірибе белең алды», – дейді Нұржан Әлтаев. Мұндай жалған өндірушілер соңғы кезге дейін СТ-KZ сертификатымыз бар деп, соны желеу етіп келген.

Былтырдан бері ҰКП осындай сертификат таратуды қатты қадағалауға алды. Аудиттің нәтижесінде «Атамекен» әрбір өңірде таратылған 40-тан аса сертификатты жоққа шығарды.

Әлтаев құжаттар мен СТ-КZ сертификатына өтініш берушілерді тексеру кезінде салалық бизнес-қауымдастық сарапшыларын шақырту керек дегенді де қосып қойды.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасарының айтуынша, бұл салада ұлан-ғайыр жұмысты Қазақстанның Жиһаз және ағаш өңдеу қауымдастығы атқарады. Олар ҰКП отандық өндірушілер қатарына жатпайтын жалған өндірушілерді табуға көмектесті.

Нұржан Әлтаевтың пікірінше, жиһаз даярлаушылармен жасалған ортақ жұмыста да кемшіліктер жеткілікті. Өңірлік палаталар осы саланы қадағалауы тиіс. Жалған сертификат тарату бағытында салалық бизнес-қауымдастықпен қарым-қатынасын жетілдіру қажет.

«СТ-КZ сертификаты отандық өндірушілерді сақтайтын қалқан болмасы анық, өйткені оны берудегі ереже мен үдерістің өзі жетіліп болмаған. Бірақ біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сатып алу нарығындағы делдалдарды жою үшін біз индустриалды институт сертификатын беруді ұсынып отырмыз», – дейді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

2016 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша Қазақстанда 7 мыңнан аса мектеп, 8 мыңнан аса мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар жаңа парта, орындық, өзге де жиһаз сатып алады.

Жиһаз бен ағаш өңдеу өндірістерінің қауымдастығының жүргізген жиһаздың бағасын есептеу жұмыстарының мағлұматы бойынша, бүгінгі таңда нарықтағы  жиһаз өнімінің жалпы көлемі 15 млрд теңгені құрайды екен. Оның ішінде мектептер мен балабақшаларға алынатын жиһаздың, яғни отандық өнім мөлшері бар-жоғы 28% екен.

Палата бұл мәселенің түпнегізін анықтау үшін, неге отандық жиһаз өндірушілерге тапсырыс аз екенін білу, неге олар тендер ұтып ала алмай қалатыны, байқауларға қатыса алмай жүргенін анықтау үшін Мониторинг орталығы мен нарық сараптаулары мәліметтері негізінде кешенді талдау жасады. 

«Бұл талдаудың нәтижесінде өндірістік аумағы жоқ, құрылғысы жоқ адамдарды анықтау мүмкін болды. Еш жабдығы болмаса да, миллиондаған соманың тапсырыстарын алып отырған. Осындай кәсіпорындар жиһаз шығармастан, тек СТ-КZ сертификатына сүйеніп келген. Олар тек импорт жиһазды жеткізіп отырған. Болмаса, өндірушілерге тапсырыс беріп, қазақстандық жиһаз шығарулардың жиһазын жеткізіп беріп отырғаны анықталды», – дейді Нұржан Әлтаев.

Жиналыстың қорытындысы бойынша, жиһаз өндірісі қуатына жүктеме жасау үшін бірқатар кеңестер берілді. Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жұмыс істеп жатқан және салынып жатқан балабақшалар мен мектептер санын анықтау тапсырылды. Сол кестенің арқасында жиһаз жеткізудің болжалды жоспарын құруға болады. Сол мекемелердің айналасын абаттандыру мен жасыл желекке көмкеруді де отандық компанияларға тапсыруды жүзеге асыру көзделген.

Кәсіпорындарды тексеріп шығу жоспарланып отыр. Жиһаз шығарушылар реестрін жасау қажет. Сосын әлеуметтік нысандардың аумағын абаттандырумен айналысатын кәсіпорындарды да тізіп шығу керек. Жергілікті атқарушы органдар, прокуратурамен бірлесіп, жиһазды, абаттандыруды отандық кәсіпорындар жасамайды деген күдік тудыратын мекемелерге тексеріс жасау қажет. 

Сатып алу мен жергілікті қамту департаментіндегі нормативті-құқықтық актілерге өзгерту енгізу керек. Сонда тендер мен байқауға қатысу кезінде жиһаз жеткізіп беру үдерісі оңтайландырып, мүгедектер қоғамының құқы да тапталмай, ел қатарлы қатысар еді.

Өңдеу өндірісі комитеті, Әлеуметтік сала мен әлеуметтік серіктестік комитеті Өңірлік палаталармен бірлесе отырып, мүгедектер қоғамы кәсіпорындары мен олардың тапсырысын қамтамасыз етуді диверсификациялау ұсыныстарын енгізу керек.

Өңдеу өндірісі департаментіне осы сала бойынша Дамудың жол картасы аясында орман, орман өңдеуші, жиһаз индустриясы өндіретін өнімдерді істеп тұрған және салынып жатқан әлеуметтік нысандарға жеткізу ұсыныстарын дайындап, жоспар бойынша жіберу тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер