«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Егіс даласындағы мектеп

2016 жылғы 19 Шілде
- Павлодар облысы
9427 просмотров

Өспен ауданындағы «Галицкое» ЖШС базасында фермерлерге арналған сабақтар өтіп, құрғақ дала аймағындағы  жайылымдар мен шабындық шөп өнімділігін арттырудың агротехникалық негіздері қаралды   

Қазіргі таңда фермерлер  арасында кадр мәселесі өте өзекті болып тұр. Мамандардың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы өнім өндірушілердің көпшілігінің  арнайы білімі жоқ немесе білімдері ауыл шаруашылығы саласының біріне ғана жарайды.

Фермерлердің өздері де дақылдарды өңдеу және өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғайтын осы заманғы технологиялар туралы білімдері таяз екенін мойындайды. Сонымен бірге дақылдарды өңдеудің дәстүрлі тәсілдері  топыраққа, суға және өсімдіктің қорек көздеріне теріс әсер етеді, жер қорғау қабатынан айрылады, ал өсімдіктер әртүрлі ауруға шалдығады. Бұл жағдайда фермерлерді жаңашылдыққа және агробизнесті тиімді жүргізу негіздеріне оқытқан жөн болады.

«Галицкое» ЖШС-ның базалық шаруашылықтағы тәжірибесі мол. Фирма өсімдік және мал шаруашылығы өнімін өндеумен шұғылданады. «Галицкое» ЖШС директоры міндетін атқарушы Кеңес Жандосов жүгері, судан шөбі, көпжылдық ірі бұршақ шөптері  және басқа азықтық қоспа шөптер сияқты жемшөп базасына арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу технологиясы жөніндегі тәжірибесімен бөлісті. 

Палатаның аудандық филиалының директоры Сергей Пацанның айтуынша, фермерлер семинарда көп жайды естіп-білді. «Аграршылар жайылымдар мен шөп шабу өнімділігін қалай арттыру керектігін оқыды. Сонымен қатар Павлодар ауыл шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты мамандары «Секе» және «Северянка» бидайының жаңа сұрыптарын ұсынды. Барлық қатысушылар өз бизнесі тиімділігін қалай арттыру туралы қажетті ақпарат алды деп ойлаймыз», – деп түйіндеді С.Пацан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер