«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ақтаулық кәсіпкерлер бизнес-омбудсменмен ашық әңгіме өрбітті

2016 жылғы 21 Шілде
- Маңғыстау облысы
9746 просмотров

ҚР Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтің Қазақстан өңірлеріне жасаған жұмыс сапары Маңғыстау облысында тәмамдалды

Облыс басшылығының және прокуратураның қатысуымен өткен кездесуде кәсіпкерлер бизнес-омбудсменге бұрыннан келе жатқан өзекті мәселелер туралы жеткізді.

Мәселен, өңір бизнесі көп жылдан бері жер телімдеріне қол жеткізуде қиындықтарға тап болып келеді. Олардың айтуынша, жер телімдерін алу және жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертуге көбінесе рұқсат берілмейді екен.

Бизнесмендердің айтуынша, бұл мәселеде көптеген құқық бұзушылықтарға жол берілетін көрінеді. Жер қатынастарында мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі сақталмайды, жер телімдерін беру барысында көбінесе негізсіз талаптар қойылады. Елді мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жоқ және мақұлданған жоспарлау жобаларына өзгертулер енгізу мүмкіндігі де жоқ. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен әкімшілік кедергі келтіріп отыр. Жер телімдеріне жерді пайдалану құқығын алу, ұзарту туралы өтініштерді қарау мерзімі ұзаққа созылып кететін жағдайлар жиі кездеседі. Соның салдарынан кәсіпкерлер мол шығынға батады.

Өңірде жайлы бизнес жүргізуге кедергі келтіретін өзге де өзекті мәселелер көтерілді. Негізінен олар республиканың басқа да өңірлерінде анықталған мәселелерге ұқсас келеді.

Бұл турасында бизнес-омбудсмен атап өткендей, аталған көптеген мәселелерде бизнес пен билік арасында өзара байланыс болу үшін, кәсіпкерлер түрлі мемлекеттік комиссиялардың құрамына кірулері тиіс.

«Бүгінге таңда құрамына ҰКП сарапшылары енгізілген мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін жұмыс топтары құрылды. Барлық комиссияларға хабардар болып отыру үшін кәсіпкерлерді қосу керек. Негізгі мәселе – мемлекеттік органдардың қызметінде жариялылықтың, транспаренттіліктің жоқтығы. Ақпараттың жеткіліксіздігі де бизнестің дамуына айтарлықтай кедергі келтіреді», – деді Болат Палымбетов.

Кәсіпкерлер бизнес жүргізу барысында туындаған өткір мәселелермен бизнес-омбудсменнің жеке қабылдауында бөлісті. Жекелеген өтініштер бойынша түсіндірмелер беріліп, консультациялық көмектер көрсетілді, олардың кейбірі алдағы уақытта шешімін таппақ.

Жалпы алғанда, кәсіпкерлермен байыпты, сындарлы сұхбат жасалғаны аңғарылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер