«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Несиеден депозит көп

2016 жылғы 29 Шілде
19315 просмотров

Қазақстанның банк секторында соңғы алты айда депозиттердің жиынтық көлемі несиелердің жалпы көлемінен артып тұр

Мамырда LDR көрсеткіші осы жылдың басынан бері ең аз мөлшерге, яғни 0,95-ке жетті, деп хабарлайды Ranking.kz талдау қызметі.

Қазақстанның банк секторындағы берілген несиелер мен қабылданған депозиттердің жалпы көлемі арасындағы қатынас ең аз мөлшерді көрсетуде. Кезекті ең аз мөлшер мамыр айында байқалды. Ол кезде аталған көрсеткіш 0,95-ке жеткен еді. Бұл дегеніңіз – әр депозитке орналастырылған 100 теңгеге банктер 95 теңге сомасында несие берді деген сөз. Қалған 5 теңгені банктер өтімділіктің резерві ретінде немесе несиелерге қарағанда тәуекелі аз металлдар, мемлекеттік бағалы қағаздар, Ұлттық банктегі депозиттер сияқты активтерге айналдырады.

Сонымен қатар, халық пен кәсіпорындардан тартылған қаражаттың көлемі өскендігін есепке алғанның өзінде, банктер клиенттерді несиелендіру өсімін ұстап тұруға тырысуда. Мәселен, депозиттердің жиынтық көлемі 2015 жылдың мамыр айымен салыстырғанда бір жарым еседей (+48,5%) артса, ал несиелендіру көлемі болса 8,4%-ға ғана артқан.

Елдегі ірі коммерциялық банктер орын алған трендті анықтады. 5 алдыңғы қатарлы банктердің (2016 жылдың мамыр айында жиынтық LDR-і 1,02-ге жеткен) ішінде Қазкоммерцбанк LDR-дің көп белгісін көрсетті. Ал Халық банк, ЦентрКредит банкі мен Сбербанк салымшылардың қаражаттарын тартуға қарағанда, несиелерді азырақ береді. Цеснабанк тартылған және орналастырылған қаражаттарын теп-теңдік шегінде ұстап тұр (LDR=1,01).

Айта кетерлігі, тәуекелге бейімдеу ойыншылардың өздері несиелер мен депозиттер арасындағы қатынас көрсеткішін азайтты. Егер бір жыл бұрын LDR-дің ең көп мәні 10-нан асып кетсе, қазіргі кезде ол көрсетіш 5-ке де жетпейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер