«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Түйткілді тарқатудағы табанды әрекет

2016 жылғы 04 Тамыз
- Қостанай облысы
7729 просмотров

Салық қызметкерлері «дер кезінде ақпарат бермеді» деген сылтаумен жетіқаралық өндіріс орнының банктегі есепшотын заңсыз бұғаулап тастаған

Фирма өкілдері аталған мәселе бойынша Кәсіпкерлер палатасына және бизнес-омбудсменге жүгінгеннен кейін, осы шешімнің күші сот арқылы жойылды.

«Техноимпорт 2010» ЖШС «бас ауруы» аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасынан хабарлама алған күннен басталған. Ол хабарламада көрсетілгендей, компания бұрын келісімшарт жасаған тараптардың бірінің тіркеуі жарамсыз деп танылған, сол себептен де бұл жағдай қосымша құн салығы және корпоративтік табыс салығы бойынша аударымдар есебінен алып тастауға міндеттеген. Яғни, бұл дегеніңіз, іс жүзінде жоқ фирма үшін салық төлеу деген сөз.

Компания шешіммен келіспей, оны шешудің заңды жолын көрсетіп, басқармаға арнайы түсіндірме жібереді. Алайда салық қызметкерлері түсіндірмелер салық кодексінің талаптарына сай келмейтінін айтып, оған қоса соңғы мерзімде ұсынылды деп есептеген. Салдарында, салық қызметкерлері «Техноимпорт 2010» ЖШС есепшотын бұғаттап тастайды.

«Бұл мәселеге байланысты компания өкілдері, шілде айында осы аймаққа іссапармен келген ҚР бизнес-омбудсмені Болат Палымбетовке шағымданды. Омбудсмен кәсіпкерлер құқығының бұзылғанын байқап, ең алдымен Палатаға сот істерінде қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл тапсырма орындалған болатын. Соңында, «Компания шотын жауып тастау ісін» сот заңсыз деп тапты», – деді Қостанай облысы бойынша Өңірлік палата директорының орынбасары Самат Сәдуақасов.

Палатада мүшелері атап өткендей, заң шеңберінде, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша құзырлы орындарға жүгінген қостанайлық бизнесмендердің басқа да мәселелері өз шешімін тапты.  Негізінен, бұл мәселелердің қатарына бизнесті дамыту мақсатында жер ала алмау мәселесі жатады. «Бізге бас жоспардың жоқтығынан жер бөлінбей отырғандығы туралы арыз-шағымдар түсті. Бұл мәселені құзыретті орындар облыс прокурорымен өткен жеке кездесуде көтерді. Біз жақында прокуратурадан, қолданыстағы бас жоспар мен елді мекендерді жоспарлаудың жаңа заңнамаға және нормативтік базаға, қала құрылысының заманауи принциптеріне сәйкес келмеуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар атына жауап акт енгізілгені туралы ақпарат алдық», – деді Самат Сәдуақасов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер