«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жауапты сында бақ сынайды

2016 жылғы 19 Тамыз
- Қызылорда облысы
13607 просмотров

Облыс кәсіпкерлері өз өнімдері арқылы дүбірлі додада бақ сынап, Астанада өтетін көрменің ақтық сынына жолдама ала алады

Бұл туралы брифинг барысында журналистерге, «Қазақстанның үздік тауары-2016» көрме-байқауының өңірлік кезеңінің Қызылорда қаласында өткізілуі туралы хабарлаған, Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов мәлімдеді.

Былтырдан бастап ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларын ұйымдастыру міндетін «Атамекен» ҰКП толық өз мойнына алды. Қатысушыларға қойылатын басты талаптар – өндірілген өнімнің сапасы бойынша жүлделі орынға қол жеткізу, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапаны басқаруда тиімділігі жоғары әдістерді пайдалану, халықаралық стандарттарды енгізу, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

«Соңғы жақсы жаңалықтың бірі, енді «Қазақстанның үздік тауары» және ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына жеке кәсіпкерлер де қатыса алатын болды. Бұрындары сыйлықтар бір ғана «Шағын және орта бизнес субъектісі» аталымы бойынша біріктірілетін. Енді ол толық екіге бөлінді. Осылайша, кәсіпкерліктің үш субъектісі толыққанды қатыса алады. Олар: шағын, орта және ірі бизнес. Бұл шағын бизнес өкілдері үшін бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өз кәсібін паш етуге үлкен мүмкіндік», – деп атап өтті Ғ.Жақсылықов.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы – бизнеске жаңа тұтынушылар тартып, олармен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін іскерлік орта сайысы. Биыл өңірдің 18-ге тарта тауар өндірушісі «Қазақстанның үздік тауары» атағы үшін күреспек. Ал оның 13-ке жуығы жеке кәсіпкер. Кәсіпкерлер палатасының тарапынан байқау дайындығына қажетті барлық қолдау көрсетілген.

Қатысушылар арасында жұмысын табысты дамытып отырғандардан тыс, қызметін енді ғана бастаған кәсіпкерлер де бар. «Брау-нис» ЖШС, «Мұрагер» ЖК және тағы басқалар өткен жылы үздіктер қатарынан көрінген. Кондитерлік өнімдер шығаратын «Брау-нис» ЖШС былтыр «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша екінші орын иеленген. Биылғы байқауда да жеңістен үмітті.

Қызметін енді бастағандар қатарында –  «Кемикал» Қазақстан Мұнай химиясы Компаниясы» ЖШС қызылордалық филиалы, «NP Consulting» ЖШС, «Құрбанбаев» ЖК бар.

Өңірлік байқаудың қорытындысында жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталады: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Әрбір аталым бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі үш дипломант таңдалады. Одан әрі жеңімпаздар өңір атынан республикалық байқауға қатысады. Ең бастысы, байқау дипломанттары байқау танымбелгісін төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта қолдануға құқылы. Яғни, өз өнімін нарықта саудалай алады.

Өздерін таныстыруға әріптестеріне зер салып, өнімін байқаудан тыс көрсету мақсатында жүлделі орындарға таласпайтын шағын және орта бизнестің 30-ға тарта кәсіпорны да тілек білдіріп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер