«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Канада дәмі қандай болады екен?

2016 жылғы 13 Қыркүйек
- Қостанай облысы
10708 просмотров

Қостанай облысына Канададан аспаз-сарапшы Брайн Фордхэм келді

Шетелдік маманды Қарабалық және Жітіқара аудандарының кондитер бұйымдарын әзірлейтін «Пищекомбинат» ЖШС мен «Дәмді» ЖШС жетекшілері шақырған. Жақын арадағы бірнеше апта бойы аспаз Брайн компания қызметкерлерімен аспаздық өнердің сырларымен бөлісетін болады. Фордхэм Канаданың ең үздік мейрамханалары мен қонақ үйлерінде 30 жылға жуық аспаздық еткен. Мейман канадалық аспаздар федерациясының бас аспазы, бірнеше байқаулардың жеңімпазы, оның ішінде, «1979 жылдың бас аспазы» ұлттық атағының иегері.

Брайн Фордхэмнің сапары «Бизнестің жол картасы 2020» – «Ересек сеньорлар» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.  Бағдарлама осымен бірнеше жыл бойы қазақстандық кәсіпорындарда өндіріс және қондырғылар технологиясы, қызметкерлерді үйрету, басқарудың жаңа тәсілдерін енгізуде таптырмас құрал болып келеді. Оған жоғары білікті шетелдік мамандар тартылады.

«Сарапшылардың көмегімен біздің кәсіпорындарда кездесіп жататын техникалық және ұйымдастыру мәселелерін шешуге болады. Компания жетекшілері мұндай қадамға қуана-қуана барып, шетелден қонақ шақырып жатады. Себебі, олардың тәжірибесі мол және оларды өз күшімен шақыру қиынға соғары анық. Кәсіпкерлер тек олардың тұратын орны мен тамақтану шығындарын ғана көтереді, сарапшы қызметіндегі өзге шығындарды мемлекет өз мойнына алады. Брайн Фордхэм Қостанайда 10 қазанға дейін болады», – дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Айгүл Есентемір. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер