«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жұмыс берушілердің жоғары сұранысына орай

2016 жылғы 04 Қазан
- Қостанай облысы
6872 просмотров

Жітіқарада кәсіпкерлердің бастамасымен ауыл шаруашылығына қажет тракторшы-машинистер оқытыла бастады

Кәсіпкерлер палатасы оқу процесіне жаңа мамандықты енгізу бойынша жергілікті колледжге қолдау көрсетті.

Дуальды оқыту картасын жүзеге асыру аясында Палата мен Жітіқара политехникалық колледжі және ірі ауылшаруашылық «Шаңдыкөл» ЖШС, «Дала» ЖШС, «Приречное-Агро» ЖШС, «Степное» ЖШС, «Алаш» ЖШС компанияларымен үшжақты келісімшартқа қол қойылды.

Бастама өндіріс орындарында аталған мамандық мамандарының жетіспеуі себепті қолға алынған. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жетекшілері осымен бірнеше мәрте техникадан хабары бар, кәсіби тракторшылардың жоқтығы жайлы айтқан болатын.

«Кәсіби мамандар тәжирибе жинаған соң, облыс орталығына көшіп кетеді. Ал фирмаларға мамандар жетіспейді. Сондықтан облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарпашыларымен бірге біз колледждің күндізгі бөліміне жаңа мамандықты енгізу туралы ұсыныс айтып, оның ашылуына көмек бердік. Оған жаңа оқу жылында 25 студент оқуға түсті. Оқыту дуальды жүйе бойынша жүргізілетін болады, келісімшарт жасасқан компаниялар студенттерге тәжірибеден өту үшін өздерінің өндірістік базасын ұсынатын болады. Енді олардың өздері бұған мүдделі болмақ», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Жітіқара ауданы филиалының директоры Дәурен Мөңкебаев.

Естеріңізге сала кетейік, мамандар тапшылығы мәселесін шешу мақсатында, Кәсіпкерлер палатасы Дуальды білім беру картасы бойынша жұмыс жасауда. Бүгінгі күні оның құрамына еліміздің 3 ЖОО мен 17 колледжі енген. Онда 1000-нан астам студент білім алуда.

Екі жыл бұрын Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамдастығымен бірлесе отырып, Палата Қостанай автокөлік және Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледждеріне «мехатроник» және «фермер»  (кең профильді) мамандықтарын енгізген еді. Ауыл кәсіпорындары жетекшілерінің жаңа сипаттағы мамандықтарға деген жоғарғы сұранысын ескере келе, биылғы жылдың қыркүйегінде аталған мамандықтарға екінші рет студенттер қабылданбақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер